БІЗ ЖАЙЛЫ
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебіне (ЖББМ) қош келдіңіз!
ЖББМ 2012 жыл құрылды, ал 2013 жылдың тамыз айында Мектеп магистратура мен докторантура студенттерінің алғашқы қабылдауын жүзеге асырды. Мектеп Қазақстан мен Орталық Азиядағы білім беру реформаларына ерекше екпін қоя тұрып, бірақ сонымен қатар, кең халықаралық тәсілді қолдана отырып, білім беру саласындағы әлемдік оқытушылық қызмет пен зерттеу орталығы болуға талпынып жатыр.
Біз мектепке дейінгіден жоғары білім беруге дейін -кез келген деңгейде білім беру мәселелері бойынша ең заманауи зерттеулерді іске асырудағы жәрдемдесуді насихаттаймыз және жүзеге асырамыз.
Жаналықтар

18 қарашада Ташкентте NUGSE PhD бағдарламасының студенті Ванесса Озава «Саяси экономика объективі арқылы Орталық Азиядағы білім беруді зерттеуге көзқарас» тақырыбында дәріс оқыды. Іс-шара Өзбекстан Республикасының президенттік білім беру мекемелері агенттігі мен Министрлер Кабинеті жанындағы Абдулла Қадыри атындағы шығармашылық мектебінде өтті. Гибридті режимде іс-шараға Өзбекстандағы Президенттік мектептердің мұғалімдері, сонымен қатар Агенттік өкілі қатысты. Дәрісте Орталық Азиядағы […]

2022 жылғы 11 қарашада NUGSE профессоры Мир Афзал Тәжік Орталық Азия Зерттеу орталығында: Пәкістандағы Пешавар университетінің академиялық бөлімшесінде зерттеу парадигмалары туралы қонақ дәріс оқыды (http://www.uop.edu.pk/departments/?q=Area-Study-Centre). Ол сондай-ақ Орталық директорымен, оқытушылық-профессорлық құраммен және докторантура студенттерімен зерттеу саласындағы оқытушылар арасындағы ынтымақтастық мәселелерін және магистратура мен докторантурада оқу үшін NUGSE-де шәкіртақы алу мүмкіндіктерін талқылады. Пешавар университеті жанындағы Орталық […]

2022 жылғы 17-18 қарашада Жоғары білім беру мектебінің профессоры Наурин Дуррани «Қазақстан дамуының жаңа кезеңіндегі отбасылық-демографиялық және гендерлік саясат» атты конференциясында сөз сөйледі. Конференцияны ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігімен және БҰҰ-әйелдер ұйымымен бірлесіп ұйымдастырды. Профессор Наурин Дуррани білім беру саласындағы және Қазақстанда білім […]

Докторантура бағдарламасының “EDUC 800 International Study” курсына сәйкес, екінші курс докторанттары серіктес университет, Кембридж университетінде шетелдегі сегіз апталық оқу курсынан өтеді. Пандемиядан кейінгі алғашқы қабылдау ретінде кеңесші серіктестер ұйымдастырған студенттердің ғылыми зерттеулеріне қатысы бар мамандандырылған курстар мен семинарларға тікелей қатысу олардың зерттеу қажеттіліктерін қанағаттандырып, академиялық ортаға енуге жақсы мүмкіндік берді. Олар бай кітапхана ресурстарына қол […]
GSE зерттеулері
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебіне, Қазақстанда, Орталық Азияда және одан тысқары сапалы біліммен қамтамасыз ету үшін мұқият және өзекті зерттеулер орталығына қош келдіңіз.
Зерттеу жаналықтары Толығырақ
Біліктілікті арттыру
НУ ЖББМ миссиясының бөлігі үздіксіз оқыту мен кәсіби өсу құндылықтарын ілгерілету болып табылады. Біз біліктілікті арттыру бағдарламаларын ұсынамыз. Германия, Гонконг, Сингапур, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания мен АҚШ-тың беделді университеттерімен халықаралық ынтымақтастығының арқасында біздің ұсыныстар университет ректорлары, жоғары білім беру жүйесіндегі орта буынды басшылар, оқытушылар мен мектеп мұғалімдері үшін қолжетімді.
НУ ЖББМ кәсіби бағдарламаларына қатысу қатысушыларға өз кәсіби бейіндерін әзірлеуге және жетілдіруге көмектеседі.
ТолығырақБіздің түлектеріміз
ЖББМ тек білім алушы ғана емес, сонымен қатар талқылаулар, жобалар мен көптеген бастамалардың белсенді қатысушылары болып табылатын, өз студенттерін мақтан тұтады. Біздің студенттер білім беру саласында жұмыс істейтін және өз білім беру ұйымдарында өзгерістерге жетелейтін, кәсіпқойлар болып табылады. Студенттеріміз жасампаз, көшбасшы болып табылады және өзгертулер енгізеді.