NU Teaching Conference – 2026
The Teaching–Faculty Nexus for Excellence:
Partnerships to Enhance Quality in Higher Education

2026 жылғы 29-30 қазан | Астана, Қазақстан
Күн
Сағат
Минут
Секунд
Назарбаев Университетінің (НУ) Жоғары білім беру мектебі ұйымдастыруымен, Advance Higher Education (Advance HE) (Ұлыбритания), Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету агенттігімен (QAA) (Ұлыбритания) және НУ-дың Мемлекеттік саясат жоғары мектебі, Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебі, Медицина мектебі және Дайындық орталығымен бірлесе өткізіледі.
NU Teaching Conference – 2026 конференциясына қош келдіңіздер!
«NU Teaching Conference 2026: The Teaching-Faculty Nexus for Excellence - Partnerships to Enhance Quality in Higher Education» атты конференциямызға қош келдіңіздер. Бұл – оқыту шеберлігін дамытуға, профессорлық-оқытушылық құрамның кәсіби өсуіне және білім беру сапасын тұрақты түрде арттыруға арналған маңызды халықаралық басқосу. Конференция Назарбаев Университетінің 15 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Іс-шара ғалымдарды, оқытушылардың дамуына жауапты мамандарды, сапаны қамтамасыз ету бойынша сарапшыларды, саясаткерлерді, докторанттарды және салалық серіктестерді біріктіреді. Қатысушылар оқыту тәжірибесі, профессорлық-оқытушылық құрамның дамуы және институционалдық саясат саласындағы стратегиялық серіктестік білім беру сапасын, инклюзивтілікті және мекеменің ұзақ мерзімді тұрақтылығын нығайтуды талқылайды. Жасанды интеллект, цифрлық трансформация, білім алушылардың өзгеретін талаптары және жаһандық сын-қатерлер дәуірінде оқу орындары педагогикалық инновацияларды сапаны қамтамасыз етудің сенімді жүйелерімен және көшбасшылықты дамытумен ұштастыруы қажет. «Оқыту – профессор-оқытушылық құрам» байланысын  нығайту арқылы конференция академиялық үздіксіздік, ынтымақтастық және тұрақты инновациялар дамитын экожүйелерді қалыптастыруды көздейді. Конференция NU-дың академиялық әлеуетін негізге ала отырып ұйымдастырылады.

Атап айтқанда:
  • Оқу жоспарын инновациялау және бағдарламаларды әзірлеудегі институционалдық тәжірибе
  • Оқытушылардың кәсіби дамуы және академиялық көшбасшылық бастамалары
  • Педагогикалық зерттеулер мен тәжірибедегі мектепаралық ынтымақтастық
  • Сапаны қамтамасыз ету және саясатты жүзеге асыру тетіктері
Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің жетекшілігімен және Advance HE (Ұлыбритания), QAA (Ұлыбритания) және Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі, Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебі, Медицина мектебі, Дайындық орталығымен бірлесе ұйымдастырылған бұл конференция жоғары білім беру саласындағы әртүрлі контексттер бойынша мазмұнды ғылыми пікір алмасу мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Пәнаралық ықпалдастық пен халықаралық ынтымақтастық арқылы NU Teaching Conference – 2026 жоғары білім берудегі зерттеуге негізделген тәжірибеге, институционалдық оқытуға және саяси инновацияларға үлес қосуды мақсат етеді. Астанада өтетін конференциямызға қатысып, сыни пікірталастарға араласыңыз, тәжірибеңізді бөлісіңіз және оқыту мен оқудағы тұрақты жетістіктерді дамытуға атсалысыңыз.
Назарбаев Университеті туралы
Назарбаев Университеті – Қазақстандағы зерттеуге басымдық беретін, халықаралықбағыт-бағдары айқын университет. Ғаламдық стандарттарға сай зерттеу, оқыту және институционалдық жаңашылдықты дамыту мақсатында құрылған бұл университет әртүрлі салалар бойынша халықаралық профессор-оқытушылар құрамын және алуан түрлі студенттер қауымын біріктіреді. Конференцияның негізгі ұйымдастырушысы – Жоғары білім беру мектебі. Аталған мектеп білім беру саясаты, көшбасшылық, көптілділік және Қазақстандағы, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі жоғары білім беру реформалары бағытында зерттеулер жүргізеді. Зерттеуге негізделген тәжірибе мен халықаралық ынтымақтастық арқылы аймақтық жәнежаһандық контексттердегі білім беруді трансформациялау жөніндегі ғылыми пікірталасқаелеулі үлес қосады.
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі (GSE) туралы
Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі (GSE) – конференцияның негізгі ұйымдастырушысы. GSE – Қазақстанда және халықаралық деңгейде білім беру саласындағы ой-пікірді, саясат пен тәжірибені дамытуға бағытталған, ғылыми-зерттеу қызметіне негізделген қарқынды дамып келе жатқан академиялық мектеп. Өзінің академиялық беделін мойындату нәтижесінде, GSE 2026 жылғы Times Higher Education World University Rankings (Білім беру саласы бойынша) рейтингісінде 176-200 орынды иеленді.
Құрылған күннен бастап GSE академиялық үздік дәстүрді, көшбасшылықты және халықаралық ынтымақтастықты жүйелі түрде дамытып келеді. Мектеп University of Cambridge және University of Pennsylvania сияқты жетекші әлемдік университеттермен тығыз байланыс орнатқан. Жоғары білім беру мектебі үш білім беру бағдарламасын ұсынады: Көптілді білім беру бойынша MA, Білім беру көшбасшылығы бойынша MSc және Білім беру бойынша PhD. Бұл бағдарламалар болашақ ғалымдарды, институционалдық көшбасшыларды және білім беру саясатына ықпал ететін мамандарды даярлауға бағытталған. Мектеп сапалы оқытуды ұлттық және халықаралық деңгейдегі өзекті білім беру мәселелерін зерттеумен ұштастырады. Мұнда инновацияны, ғылыми ізденісті және кәсіби дамуды қолдайтын инклюзивті академиялық орта қалыптасқан.
GSE-дің академиялық сапасы халықаралық деңгейде мойындалған: мектеп Quality Assurance Agency for Higher Education (QAA) тарапынан халықаралық аккредитациядан өткен. Оның барлық үш білім беру бағдарламасы ешбір шартсыз аккредиттелген. Бұл мәртебе бағдарламалардың Еуропалық стандарттар мен нұсқаулықтарға (ESG) толық сәйкес келетінін растайды. Сонымен қатар, аккредитация мектептегі сапаны қамтамасыз ету жүйесінің сенімділігін, студенттердің белсенді қатысу тәжірибесін, бағалау үдерістерінің ашықтығы мен әділдігін және білім алушыларға көрсетілетін кешенді қолдау деңгейінің жоғары екенін көрсетеді.
Конференция тақырыптары
Конференция жұмысы екі негізгі тақырып бойынша ұйымдастырылады:
1-тақырып: Оқыту мен оқу сапасы
Бұл тақырып жоғары білім берудегі оқыту мен оқу сапасына қатысты дәлелдерге негізделген және контекстке бейімделген тәсілдерді дамытуға бағытталған.

Ішкі тақырыпшалар:
  • Дәлелдерге негізделген оқыту
  • Оқыту мен оқуды зерттеу (Scholarship of Teaching and Learning) және рефлексивті тәжірибе
  • Инклюзивті педагогика және бағалау жүйелері
  • Оқу жоспарын әзірлеу және жетілдіру
  • Оқытудағы үздік экожүйелер: саясат, көшбасшылық және кәсіби стандарттар
  • Жоғары білім берудегі контекст, мәдениет және интернационалдандыру
  • Цифрлық және ЖИ (жасанды интеллект) арқылы оқыту, жауапты инновациялар
  • Жоғары білім берудегі оқыту мен оқу сапасын қайта пайымдау
  • Сапа жолындағы серіктестік: мекеме ішіндегі және одан тыс ынтымақтастық
2-тақырып: Профессор-оқытушылар құрамын кәсіби дамыту
Бұл тақырып академиялық мансапты жақсартатын және оқыту шеберлігін арттыратын профессорлық-оқытушылық құрамды дамытудың тұрақты модельдері мен институционалдық қолдау жүйелерін қарастырады.

Ішкі тақырыпшалар:
  • Тиімді дамыту бағдарламаларын және құрылымдалған мансап жолдарын жобалау
  • Оқыту шеберлігін қолдаудағы рөлдер, тәжірибелер және институционалдық қолдау
  • Кәсіби шеберлікті шыңдау ортасы және корпоративтік мәдениет
  • Әл-ауқат, жұмыс жүктемесі және тұрақты академиялық мансап
  • Оқытушыларды дамыту саласындағы саясат, көшбасшылық және кәсіби стандарттар

Конференцияға мақалалар қабылдау

NU Teaching Conference – 2026

«Оқыту мен профессор-оқытушылық құрам өзара байланысы: жоғары білім беру сапасын арттырудағы серіктестік» 2026 жылғы 29–30 қазан | Астана, Қазақстан


NU Teaching Conference – 2026 конференциясы жоғары білім берудегі оқыту сапасы мен оқытушылардың кәсіби дамуы арасындағы нәтижелі серіктестікті дамытуға бағытталған инновациялық, зерттеуге негізделген және тәжірибеге бағдарланған жұмыстарды қабылдайды. Бұл ауқымды конференция институционалдық сапаны, педагогикалық инновацияны және академиялық көшбасшылықты нығайтатын кәсіби диалог пен стратегиялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.


Біз университеттердің оқыту сапасын, ғылыми-зерттеу қызметін, сапаны қамтамасыз ету жүйелерін, цифрлық трансформацияны және секторларалық ынтымақтастықты қалай ықпалдастыра алатынын қарастыратын түпнұсқа зерттеулерді қабылдаймыз. Әрбір ұсыныс академиялық адалдықты, әділдікті және ғылыми сапаны қамтамасыз ету мақсатында әрбір ұсыныс тәуелсіз сарапшылардың жасырын бағалауынан өтеді.

Аңдатпаларға қойылатын талаптар
Жалпы
Жоғары академиялық стандарттарды қамтамасыз ету және халықаралық индекстеуге сәйкестікті сақтау мақсатында The Teaching–Faculty Nexus for Excellence: Partnerships to Enhance Quality in Higher Education конференциясына ұсынылатын барлық жұмыстартөменде көрсетілген талаптарға қатаң сәйкес болуы тиіс. Талаптардың  сақталмауы жұмыстың алдын ала қабылданбауына (desk rejection) немесе сараптама үдерісінен шығарылуына әкелуі мүмкін. Біз ғылыми сапа мен академиялық адалдықтың халықаралық деңгейдегі стандарттарын ұстануды көздейміз.

Авторлар келесі талаптарға сәйкес аннотация ұсынуы тиіс:
1. Зерттеудің аясын және мақсаттарын нақты айқындау;
2. Теориялық, эмпирикалық немесе практикалық үлесін көрсету;
3. Зерттеудің жаңашылдығы мен конференция тақырыптарына сәйкестігін дәлелдеу;
4. Дәлелге негізделген нәтижелерді, талдауды немесе үздік тәжірибелерді ұсыну;
5. Зерттеу нәтижелерінің білім беру саясатына, институционалдық стратегияға немесе
педагогикалық инновацияға ықпалын көрсету.
Шақырылған спикерлер
Санат Төлем мөлшері

Қатысушы түрі

Бағасы
Жергілікті қатысушылар
15,000 KZT
Жергілікті студенттер
10,000 KZT
NU оқытушылары
5,000 KZT
Халықаралық студенттер 
50 USD
Жоғары табысты елдерден қатысушылар 
100 USD
Төмен табысты елдерден қатысушылар 
75 USD
NU студенттері және GSE оқытушылары
Тегін
Ескерту: Елдерді табыс деңгейі бойынша жіктеу халықаралық деңгейде мойындалған
критерийлерге сәйкес жүзеге асырылады (сілтеме бойынша қараңыз the link).
Неге бұл конференцияға қатысу керек?
Бұл конференция сізге қандай мүмкіндіктер береді?
  • Ғылыми зерттеулер мен оқыту тәжірибесін дамыту
    Оқыту, білім алу және оқытушылардың кәсіби дамуы салаларындағы озық зерттеулермен және дәлелдерге негізделген тәжірибелермен танысасыз. Өз жұмысыңызбен бөлісесіз, инновациялық педагогикалық тәсілдерден үйренесіз және жоғары білім берудегі сапалы оқыту туралы заманауи түсініктердің қалыптасуына үлес қосасыз.
  • Халықаралық байланыс орнату
    Әлемнің түкпір-түкпірінен келген ғалымдармен, университет басшыларымен жәнесарапшылармен танысып, байланыс орнатасыз. Бірлескен зерттеу жасауға, алмасубағдарламаларына қатысуға мүмкіндік туады.
  • Жаһандық тәжірибемен танысу
    Жоғары білім саласындағы жаңа өзгерістер мен реформалар туралы пікірталастарға қатысасыз. Басқа елдердің тәжірибесін көріп, өз тәжірибеңізбен бөлісесіз
  • Әртүрлі салалармен байланыс
    Тек академиялық орта емес, саясат, сапаны қамтамасыз ету және индустрия өкілдерімен де танысасыз. Білім берудің қоғаммен және еңбек нарығымен байланысын тереңірек түсінесіз
  • Өз жұмысыңызды таныстыру
    Зерттеуіңізді немесе тәжірибеңізді көпшілікке ұсынып, халықаралық аудиториядан пікіраласыз. Бұл сіздің кәсіби танылуыңызға және болашақ жарияланымдарыңызға көмектеседі
  • Қазақстанды жаңа қырынан тану
    Астананы халықаралық білім беру орталығы ретінде көресіз. Қазақстанның мүмкіндіктері мен әлеуетін жақыннан танып, жаңа серіктестіктерге жол ашасыз
  • Кәсіби дамуға мүмкіндік
    Арнайы семинарлар мен кездесулерге қатысып, өз дағдыларыңызды дамытасыз. Бұл әсіресе жас оқытушылар мен докторанттар үшін пайдалы болмақ
  • Жоғары білімнің болашағын бірге талқылау
    Білім берудің болашағы туралы маңызды пікірталастарға қатысып, жаңа идея аласыз
  • Пәнаралық орта
    Әртүрлі саланың өкілдерімен араласып, жаңа идеялар аласыз. Бұл оқыту мен зерттеуде жаңа тәсілдерге жол ашады
Қазіргі таңда Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде оқыту сапасына, профессор- оқытушылық құрамның кәсіби дамуына және институционалдық басқаруға баса назар аударылған маңызды реформалар жүріп жатыр. Еуропа мен Азия тоғысында орналасқан еліміз сапа, көшбасшылық және халықаралық интеграция мәселелері белсенді талқыланатын ерекше контекст ұсынады.

NU Teaching Conference – 2026 конференциясы оқыту шеберлігі мен оқытушылардың кәсіби дамуын әртүрлі институционалдық және саяси ортада қалай тиімді ұштастыруға болатынын зерттейтін ғылыми форум. Конференция ғалымдарды, академиялық көшбасшыларды және тәжірибелі мамандарды зерттеу нәтижелерімен бөлісу, реформаларды жүзеге асыру тәжірибелерін салыстыру және жоғары білім сапасынарттырудың тұрақты модельдерін іздестіру үшін біріктіреді. Қатысушылар сыни диалогтарға қатысып, ынтымақтастық желілерін құруға және оқыту, кәсіби даму мен институционалдық өзгерістер бойынша аймақаралық салыстырмалы көзқарастарды қалыптастыруға үлес қосу мүмкіндігіне ие болады.
Конференция бағдарламасы
Конференция гибридті форматта өтеді: қатысушылар іс-шараға қатыса алады немесе онлайн қосылу мүмкіндігіне ие болады.
1-күн – 2026 жыл, 29 қазан
  • Ашылу салтанаты
  • Пленарлық баяндамалар (I және II)
  • Панельдік талқылау
  • Параллельді сессиялар және қатар өтетін презентациялар
  • Қонақасы (Welcome Reception) (шақыру бойынша)
2-күн – 2026 жыл, 30 қазан
  • Пленарлық баяндамалар (III-IV)
  • Қатар өтетін презентациялар
  • Тақырыптық панельдік талқылау
  • Шақырылған халықаралық спикерлер
  • Қорытынды сессия
Арнайы сессиялар мен шеберлік сыныптар
XXX (кейінірек анықталады)
Конференция комитеті
Басқарушы комитет
Аида Сағынтаева
Төраға
Дэниел Шерратт
Тең төрағалар




Сондай-ақ: 
NU LTC және AQC өкілдері
Мир Афзал Тәжік
GSE
Оливер Мутанга 
GSE
Даниэль Эрнандес-Торрано
GSE
Анита Джаячандран
GSE
Алехандро Акуйо-Сеспедес
CPS
Азиз Бурханов
GSPP
Проф. Антонио Саррия-Сантамеро
NUSOM
Маттео Рубаготти
SEDS
Лаура Ибраева 
CARCEIT
Қатысушыларды қонақүйлерге орналастыру туралы
қатысушылар Назарбаев Университеті кампусының аумағында немесе оған жақын жерде орналасқан бірнеше ыңғайлы қонақүйлердің бірін таңдай алады.
Кампус аумағындағы
қонақүйі  Назарбаев Университеті кампусының аумағында орналасқан. Аталған қонақүй форум өтетін орынға жақын орналасқан.
веб-сайт
Жақын жерде
іскерлік сапармен келгендерге барлық жағдай жасалған заманауи әрі жайлы қонақүй. Назарбаев Университетіне    жақын орналасқан. 
веб-сайт
Жақын жерде
университет маңында орналасқан премиум санатындағы қонақүй. Қонақтарға жоғары деңгейдегі қызмет, конференция өткізуге арналған мүмкіндіктер және EXPО-ға жылдам әрі ыңғайлы жету мүмкіндігін ұсынады.
веб-сайт
Жоғарыда аталған қонақүйлердің барлығы Назарбаев Университетіне жақын жерде орналасқан. Конференция өтетін орынға кедергісіз әрі жылдам жетуге болады. Көрсетілген мерзімде сұраныстың жоғары болуына байланысты, алдын ала брондауға  кеңес береміз.
Байланыс ақпараты
Конференция сұрақтары бойынша:
nugse.teaching-conference@nu.edu.kz
Телефон: 8 (7172) 705738
Мекенжай: Жоғары білім беру мектебі (GSE), Назарбаев Университеті, Қабанбай батыр даңғылы, 53, Астана, Қазақстан

Ақпараттан хабардар болыңыз!