Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Жоғары білім беру Мектебі HR-менеджері (уақытша)

Жоғары білім беру Мектебі HR-менеджері (уақытша)

1.       

Лауазым атауы

Жоғары білім беру Мектебі HR-менеджері

(уақытша)

2.

Негігзі міндеттері

Өзіне қойылған міндеттердің құзыретінде басшылықтың берген тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;

3.

Негігзі қызметтік міндеттері

Күнделікті жедел жұмыс кезінде әкімшілік қолдауды қамтамасыз ету,  бірақ олармен шектелмей, оның ішінде:- жергілікті және шетелдік кадрларды жалдауды жүзеге асыру, жиналыстардың хаттамаларын жүргізу;- Кадрлық жүйелер мен әкімшілік жүйелерді дамытуға, оңтайландыруға және жетілдіруге қатысу;- шетелдік қызметкерлерге визалық қолдау көрсету;- Мектептің профессорлық-оқытушылық құрамын іздеу және тарту процесін ұйымдастыру, конкурстық іріктеу комиссияларын ұйымдастыру;- Мектептің қабылданған профессорлық-оқытушылық құрамының бейімделуіне, соның ішінде Университеттің әлеуметтік саясатына байланысты мәселелер бойынша қолдау көрсету;- Мектептің профессорлық-оқытушылық құрамының жеке іс қағаздарын жүргізу, толтыру, сақтау;- Мектеп қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жоспарын, мониторингті (біліктілікті арттыру, корпоративті оқыту және т.б.) ұйымдастыру;- Мектеп ұжымын бағалауды ұйымдастыру және бағалау нәтижелері бойынша Мектеп басшылығына ұсыныстар енгізу;- 1 C бағдарламасын жүргізу;- НУ бөлімдерімен және Мектептермен есептер мен мәліметтерді ұсынуда ынтымақтастық;- академиялық және әкімшілік-оқытушылық құрамына қажетті құжаттарды көші-қон органдарында тіркеуге қолдау көрсету;- топтық іс-шараларды ұйымдастыру және Мектептің корпоративті рухын қалыптастыруға белсенді қатысу;- Мектептің жеке іс-құжаттарын университет мұрағатына тапсыру;- еңбек жағдайын тексеру аясында Мектеп басшылығының басқа да нұсқауларын уақтылы және тиімді орындау.

4.

Білімі

–    Жоғары кәсіби, ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарында білім алғаны құпталады;-   Магистратура, бакалавриат немесе специалист;

5.

Талап етілетін кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы, түрі және т.б.)

–  магистр дәрежесі болған жағдайда белгілі бір лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес салаларда кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі,-  специалист немесе бакалавр дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызметте, халықаралық және/немесе ұлттық компанияларда нақты лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі, немесе «Назарбаев Университет» мекемесінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі;Халықаралық ортадағы жұмыс тәжірибесі құпталады

6.

Кәсіби құзыреті

–   еңбек заңнамасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді білу;

–   еңбек іс-қағаздарын жүргізу және мұрағат жұмысының ережелерін, құжаттарды сақтау және жүктеу жүйелерін білу;

–   аналитикалық қабілеттер, әр түрлі деңгейдегі өкілдермен мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде сәтті профессионалды қарым-қатынас жасай білу дағдылары;

–   жеке және топта тиімді жұмыс істеу қабілеттілігі;

–   қысқа мерзімді уақытта тиімді жұмыс жасау қабілеттілігі;

–   аналитикалық жазбалар, хаттар, есептер жасай білу дағдылары;

7.

Жеке құзыреті және қасиеттері

–   Назарбаев Университеті құзыретінің моделі;

–   Сыни тұрғыда ойлау;

–   Тіл табыса білу, бастамашылық, шығармашылық;

–   Әр түрлі мәдениеттегі адамдармен жұмыс жасау қабілеттілігі.

8.

Тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі

Қазақ, орыс және ағылшын (advanced)  тілдерінде жоғары деңгейде ауызша және жазбаша дағдылары.

9.

Компьютерлік дағдылар

Жоғары деңгейде ЖК-мен жұмыс істеу білу дағдылары (OS Microsoft Windows, Microsoft Office, Excel, т.б.)

10.

Түйіндемені беру мерзімі

Лайықты үміткерді таңдап алғанға дейін.

11

Сілтеме

https://smrtr.io/3vbPN