Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Жаналықтар

артқа

Жоғары білім мектебінің оқытушылары Астана қаласындағы НЗМ-не келді

Назарбаев Университеті Жоғары Білім мектебінің профессорлары декан Аида Сағынтаевамен бірге Астана қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебіне барды. НЗМ және ЖБМ арасындағы ынтымақтастық нысандарын және бағыттарын талқылау кездесудің мақсаты болды. НЗМ ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшідинова мектепке экскурсия жасап, қызметі мен даму перспективалары, мұғалімдердің кәсіби дамуы және кадрлық құрамы, соның ішінде ЖБМ түлектері туралы айтып берді. Айдар Хорошаш, мектеп директорының орынбасары, Мадина Тыныбаева, Педагогикалық шеберлік орталығы директорының орынбасары, сондай-ақ білім саласындағы PhD дәрежесімен ЖБМ түлектері өздері оқыған университетінің өкілдерімен кездесуге қатысты.

Күләш Шәмшідинова НУ ЖБМ профессорларының студенттердің гендерлік теңгеріміне, мектептерді жабдықтауға, үш тілде білім беруге және студенттер мен олардың ата-аналарына арналған психологиялық қолдау қызметінің жұмысына, сондай-ақ көптеген басқа тақырыптарға қатысты барлық сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап берді. Инклюзивті білім беру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Күләш Шәмшідинова биыл жоспарланған халықаралық конференцияда инклюзивті білім беру секторы алғаш рет талқыланатынын мәлімдеді. «Бізде әртүрлі балалардың білім алуына – көзі нашар көретін, инсулинге тәуелді балалардың бар болуына қарамастан, біз инклюзивті білім беру мәселелерін әлі зерттеген жоқпыз, ерекше қажеттіліктері бар балалардың саны жыл сайын артып жатыр», - деп айтты ол. Декан Аида Сағынтаева бұл бағыттағы ықтимал ынтымақтастық көп үміт күтерлік болып көрінетінін айтты, өйткені ЖБМ-нің инклюзивті білім беру саласындағы жобалар үшін мықты ғылыми әлеуеті бар. Бұл кезекте, үш тілде білім беру саласындағы жобалар ЖБМ профессорлары мен зерттеушілерінің әлеуетін пайдаланудың тағы бір бағыты бола алады.