Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Жаналықтар

артқа

Жоғары білім беру мектебінің жас қонақтары форсайт-сессияға қатысты

Таяуда Білім беру Жоғары мектебі ерекше меймандарды – Иран, Түркменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Ресейдегі қазақ диаспораларының балаларын қабылдады. Олар Қазақстанға жазғы демалысын «Ұлы дала ұрпағы» балалар лагерінде өткізу үшін келді.

Біздің Жас қонақтарымыз үшін Қазақстан туралы, Білім беру жоғары мектебі мен Назарбаев Университетінде оқу жайлы таныстырылым ұйымдастырылды. Балалар «Қазіргі заманның оқушышылары мен студенттері қандай болу керек» атты форсайт-сессияға да қызуғышылықпен қатысты. Сессияны Білім беру Жоғары мектебінің қызметкері Руслан Қаратабанов жүргізді.

Балалар сессия барысында келесі сұрақтарға жауап іздеді:
Қазіргі оқушылар қандай болу керек?
Мен осы образға сай келемін бе?
Қазіргі заман оқушының бет-бейнесіне сай болу үшін, мен не істеуім керек?
Басым бөлігі тілдерді білу, IT-сауатты, командада, пікірлер мен мәдениеттер алуантүрлілігі жағдайында жұмыс істей алу керек деп шешті.

Қонақтарымызға университет өте ұнады – кейбіреулері тіпті осында оқуға түсу ерекшеліктерін де зерттей бастады.