Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Жаналықтар

артқа

ЖБМ-нде кәсіби даму бағдарламасы басталды

Бағдар беру күнінен бастап оқу орындары басшыларының біліктілігін арттыру және дайындау курсы шеңберінде инклюзивті білім беру мәселелері бойынша оқу басталды. Астана қаласындағы орта мектептердің 20 басшысы мақсаты инклюзивті білім берудің әдістемесін және қағидаларын зерттеу болып табылатын осы бағдарламаға қатысады.

ЖБМ деканы Аида Сағынтаева және Қосымша білім беру департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева атап өткендей, бұл жоба ЖБМ мен Астана қаласы Әкімдігінің арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум шеңберінде ұйымдастырылды. Гүлнәр Ибраева, Астанада Білім беруді жаңғырту орталығының директоры, курс қатысушыларымен сәлемдесіп, бағдарламаны ұйымдастыру тарихы туралы айтып берді. Ол астаналық білім беру жүйесінің дамуында болып жатқан үлкен өзгерістерді, қазіргі уақытта мектептердің 80% астамының инклюзивті білім беруге өтіп жатқанын, бірақ оларға ары қарай даму үшін нақты құрылымның жетіспейтінін атап өтті. Осыған байланысты ЖБМ халықаралық ахуалда кең ауқымды кәсіби тәжірибесі бар өзінің жоғары білікті профессорларымен бірге білім беретін ұйымдардың басшыларын даярлау үшін жоғары әлеуетке ие.

Бұл кездесу шеңберінде қатысушылар сондай-ақ профессорлармен – бағдарламаны әзірлеушілермен қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие болды, олар: зерттеулер жөніндегі бас директор Майкл Макоэль, профессорлар Ноурен Дуррани және Сулочини Паутер.