Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Жаналықтар

артқа

Kурстар қайта даярлау және біліктілікті арттыру

НУ-де бүгін мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының біліктілігін арртыру және қайта даярлау курсы басталды
Назарбаев Университетінде бүгін мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының біліктілігін арртыру және қайта даярлау курсы басталды. Оның бағдарламасын Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі мен Медицина мектебі, Пенсильвания университеті және Дьюк университетің Медицина мектебі сияқты 4 университет даярлағандықтан тиімділігі мен тереңдігі барынша жоғары болары анық.
Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындарының ұстаз-профессорлары, фармацевтика саласы мамандары, топ-менеджерлер мен орта буын басшылары білімін, біліктілігін жетілдіреді. Өздерінің жоғары оқу орындарында басқару базасын жетілдіруі, жауапкершілік пен нақты істелген жұмыс нәтижесіне жауап беру білуге үйретеді. Мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық және дербес ұйымдар мен байланысты нығайту жолдарын көрсетеді.
Медициналық және фармацевтикалық жоғары оқу орындарын реформалау мен олардың тиімді жұмыс істеуіне бұл бағыттар өте маңызды алғышарттар болып табылады.Курсқа қатысушылар арасында С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің, Қарағанды, Семей мемлекеттік медицина университеттерің өкілдері бар. Дәрістерді Назарбаев Университетінің профессорлары жүргізеді. Бағдарламаға Қазақстанның әріптес университеттерінің - Дьюк университеті, Лунд, Познань және Сент-Луис университеттерінің өкілдері де улесін қосады.