Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Жаналықтар

артқа

Жаңа студенттер ЖБМ-нде оқуды бастады

Жоғары білім мектебі бағдар беру күнін өткізді. Әртүрлі өңірлік оқу орындарда кәсіби тәжірибесі бар жаңа 88 студент Білім берудегі көшбасшылық саласындағы ғылым магистрі және Гуманитарлық ғылымдар магистрі бағдарламалары бойынша өздерінің академиялық саяхатын бастамақшы. Кадиша Даирова, Назарбаев университетінің студенттік істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті, Лоретта О'Доннелл, академиялық мәселелер жөніндегі вице-провост, алғысөз айтты. Сонымен қатар, мектептің профессорлар мен оқытушылар құрамы студенттермен амандасты. Оның өкілдері өз зерттеулерінің салалары және болашақ академиялық зерттеулері туралы ақпаратпен бөлісті. Джейсон Спаркс, Жоғары білім мектебі деканының орынбасары, жаңа магистрант-студенттерге оқу процесін түсіндірді, сондай-ақ оларды академиялық және зерттеу жобаларымен таныстырды. Кейінгі бірнеше күнде студенттер академиялық бағдар берумен айналысады. Профессорлар мен оқытушылар құрамы ассистенттермен бірге қарқынды курстарды бастамас бұрын жаңа академиялық ортада бейімделуді жеңілдетуге бағытталған семинарларды өткізеді. Жаңа студенттерді студенттік өмірге қадам басқандарымен құттықтаймыз!