Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Жаналықтар

артқа

Құрметті түлектер, 26 қазанда кампуста өтетін үшінші NU Alumni Reunion барлық бағдарламасын қарап шығыңыздар

:

 

УАҚЫТЫ

ІС-ШАРА

ОРНЫ

09:30 -10:55

ТІРКЕУ

Алғашқы келушілерді марапаттау

Жаңа Атриум

09:30 -10:55

Фотосессия

 

 

Жаңа Атриум

Балаларымен келген түлектерге арналған балалар аймағы

Тілектер кітабында студенттерге тілек жазу

Welcome back фотокөрмесі

11:00-11:15

ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗІ

Шигео Катсу, Назарбаев Университетінің Президенті

Қадиша Даирова, студенттермен жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президент, Назарбаев Университеті

Евгения Ким, Мансап және кәсіби бағдар орталығының директоры, Назарбаев Университеті

Арман Конкобай, Назарбаев Университетінің түлегі, "NU Alumni" қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры

 

Оң жақ бал залы

11:15-12:30

ДОСТЫҚ АТМОСФЕРА ҚҰРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР

Жеңімпаздарды марапаттау

Оң жақ бал залы

12:30-13:30

Түскі ас және нетворкинг

Жаңа Атриум

13:30-15:00

ӘЛЕМГЕ ОҢ ӘСЕР ЕТЕТІН АДАМДАРДЫҢ КҮШІ

Шақырылған қонақтардың көшбасшылық тақырыбы бойынша сөйлеген сөздері

Оң жақ бал залы

15:00-15:30

Кофе-брейк

Оң жақ бал залы

15:30-17:30

ОҢ ӘСЕР КҮШІ: БІЗ ӘЛЕМДІ ЖАҚСЫ ЖАҚҚА ҚАЛАЙ ӨЗГЕРТЕ АЛАМЫЗ

Түлектерге арналған питчинг сессиясы

Үздік спикерлер тыңдаушылармен таңдалып, арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Оң жақ бал залы

17:45-19:00

Назарбаев Университеті-Осы күнгі және Болашақ

Өз мектебіңізбен танысыңыз

C2, C3

22:00

After-party (тек түлектер үшін)

Кейінірек жарияланады

 

Бағдарламаның екінші бөлімінде түлектерге арналған "Питчинг сессия" болады. Сессияның негізгі мақсаты-түлектерге университетті бітіргеннен кейін өз тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік беру. Түлектер мынадай тақырыптарға баяндамасын ұсына отырып, өз жетістіктерімен және қандай да бір саладағы үлесімен бөлісе алады: 

  • Бизнес-жобалар
  • Әлеуметтік жобалар
  • Одан әрі білім алу (шетелде оқу, PhD дәрежесін немесе магистр дәрежесін алу)
  • Жұмыс тәжірибесі
  • Мансаптық жетістіктер
  • Өмірлік сабақтар
  • Жұмыс аясын ауыстыру
  • Спорттағы жетістіктері
  • Әлеуметтік медиадағы түлектер (блогерлер, көпшілік тұлғалар)
  • Оқуды аяқтағаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласындағы өмірі.

Презентацияға арналған негізгі өлшемшарттар:

  1. ұзақтығы 6-дан 10 минутқа дейін
  2. Сіз кез келген үш тілде сөйлей аласыз (қазақ, ағылшын немесе орыс)
  3. Бұл міндетті емес, бірақ PowerPoint-ті өз қалауыңыз бойынша пайдалануға болады.

Егер Сіз өз жетістіктеріңіз және қандай да бір саладағы үлесіңіз туралы айтқыңыз келсе, алдын ала бағалау үшін 11 қазанға дейін nualumni@nu.edu.kz электрондық мекенжайына сөйлейтін сөзіңізді (ең көп дегенде 10 минут) жіберуіңізді өтінеміз. 

Үздік спикерлерді тыңдаушылар таңдайды, олар "NU Alumni" қоғамдық бірлестігінің арнайы сыйлықтарымен марапатталады.

Осы бейнебаянмен бірге, Сіз Welcome back Alumni фотокөрмесінде ұсынылатын естелік күлкілі фотосуреттерді 11 қазанға дейін alumni@nu.edu.kz электрондық мекенжайына жібере аласыз.

Егер Сіз NU Alumni Reunion-ге қатыса алмасаңыз (бұл өте өкінішті!), Сіз Назарбаев Университетінің басқа түлектеріне 22 қазанға дейін сәлем айту үшін жоғары сапалы қызықты бейнебаяныңызды

alumni@nu.edu.kz электрондық мекенжайына жолдай аласыз

Егер Сіз әлі NU Alumni Reunion-ге тіркелмесеңіз, тіркелу үшін МҰНДА басыңыз.

Сөзден іске көшейік!

 Іске сәт!

 NU Alumni Reunion 2019 - да кездесуді асыға күтеміз