Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Жаналықтар

артқа

Қазіргі уақытта Астана қаласы Білім басқармасының басшысы лауазымында жұмыс істейтін НУ ЖБМ түлегі өзі аяқтаған университетіне келді

ЖБМ Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Ануар Жангозинмен кездесуді өткізді. Профессорлар, студенттер және қызметкерлер білімнің көптеген әртүрлі аспектілерін талқылау мүмкіндігіне ие болды, олар: электронды портфолио негізінде мұғалімдердің сертификаттаудан өтуі, ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттермен жұмыс істейтін мұғалімдерді аттестациялық бағалау тәсілдері, мектептерді саралау, инновациялық технологиялар, білім беретін ұйымдардың ортақ мәселелері және тағы басқа. Профессорлардың айтуынша, «бұл кездесу бірінші қолдан құнды ақпаратты алуға мүмкіндік берді», ол магистрлік және докторлық бағдарламаларда болашақ білім басшыларын даярлау үшін пайдаланылады, сондай-ақ ол зерттеулер үшін көп идеяларды ұсынды.

Кездесуде атмосфера ерекше жылы болды, өйткені ЖБМ білім берудегі көшбасшылық саласындағы магистрлік бағдарлама шеңберінде бұл талантты көшбасшының білім алған оқу орны болды.

Ануар Жангозинмен кездесу білім беру саласындағы бірегей мамандармен – ғылыми және білім беру ұйымдарының көшбасшыларымен және бұл саладағы жұмыстың ерекшеліктері туралы нақты және кең ауқымды ақпаратты білетін басқа сарапшылармен диалогтар топтамасын ашты.