Жаналықтар
Орталық Азия PEER Network хабының бірінші онлайн зерттеу семинары

Назарбаев университетінің Жоғары білім беру мектебі баршаңызды PEER Network бастамасының аясында өтіп жатқан «Кеңес заманындағы бақытты балалық шақ»: мектептерде «жаңа азаматтарды» тәрбиелеу» онлайн зерттеу семинарлары топтамасының бірінші семинарына шақырады. Семинарымыздың спикері Сулейман Демирель Университетінің қауымдастырылған профессоры Анель Кулахметова.
Бұл семинар Орталық Азия PEER Network хабының (https://peernetworkgcrf.org/) біліммен алмасу алаңы ретінде ұйымдастырып жатқан ғылыми-зерттеу семинарларының бір бөлігі болып табылады. PEER Network - бұл төрт университет (Ольстер, Кейптаун, Назарбаев және Сассекс) бастаған үш жылдық халықаралық бастамасы. PEER Network-тің басты мақсаты - білім беру саласында сыни және жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып саяси-экономикалық талдаулар жүргізу. Аталмыш талдаулар ұлттық, аймақтық және жаһандық деңгейде саясаткерлер мен тәжірибешіл мамандарға қақтығыстар мен дағдарыс жағдайында балалардың білім алуына қатысты әлеуметтік-теңдік принципіне негізделген шешімдер қабылдауға қолдау көрсетеді деп күтілуде.
Онлайн семинардың өтетін күні: 2021 жылдың 13 мамыры (бейсенбі)
Уақыты: 17:00 (GMT+6)
Семинар жүргізілетін тіл: ағылшын тілі, орыс тіліне ілеспе аударма ұсынылады.
Тіркелу сілтемесі: https://nu-edu-kz.zoom.us/meeting/register/tJctcuCurzwqH9HM04ySUB89IFVBBiphccoi
Баршаңызды асыға күтеміз!

