Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Жаналықтар

артқа

Орталық Азия ғалымдары үшін мүмкіндіктер: PEER Network-тен   білім берудің саяси-экономикалық талдауына арналған гранттар мен оқыту  ресурстары 

Назарбаев Университетінің, Кейп-таун университетінің (Оңтүстік Африка), Сассекс (Англия) және Ольстердің (Солтүстік Ирландия) ғалымдары кіретін халықаралық академиялық желісі  - PEER Network Орталық Азия хабының бастапқы іс-шарасы өтті. PEER Network – төрт университеттің Орталық Азия елдеріндегі (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан) ғалымдармен, саясаткерлермен және практиктермен әріптестікте білім берудің саяси-экономикалық талдауының сапасын арттыруға бағытталған үш жылдық бастамасы. 

Іс-шара барысында Орталық Азия хабының басшысы, Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің профессоры Наурин Дуррани және PEER Network-тың басқа да өкілдері ұйымның негізгі мақсаттары мен әртүрлі мүмкіндіктері, оның ішінде төрт университеттің осы коллаборациясын ұсынатын ғалымдарға арналған 30 мың GBP дейінгі көлемдегі гранттар туралы айтып берді.

PEER Network-тың негізгі мақсаты – жергілікті зерттеушілерді ұлттық, өңірлік және жаһандық деңгейдегі саясаткерлер мен тәжірибешілерге қақтығыс немесе дағдарыс жағдайында балалар мен жастар үшін пайдалы білім беруге инвестициялар туралы әлеуметтік әділ шешімдер қабылдауға көмектесетін саяси-экономикалық зерттеулер жүргізуде қолдау. Саяси экономикалық талдау – бұл  білім беру жүйесін қалыптастыруға және білім беру саясатын әзірлеуге әсер ететін тарихи, мәдени, әлеуметтік, саяси және экономикалық факторлар мен қатынастарды анықтау құралы.

Елдер деңгейінде білім беру саласында жүйелі саяси-экономикалық зерттеулер жетіспейді, ал жергілікті зерттеушілер мен практиктердің тәжірибесі көбінесе тек символдық түрде қолданылады. Сонымен қатар, білім беру саясатында шешім қабылдау кезінде білім беру қызметтерін ұсыну бағалары жергілікті тарихты, саясатты, мәдениетті және жергілікті тілдерде жақсы берілетін күштердің арақатынасы туралы білімді ескермейтін халықаралық консультанттардың пікіріне сүйенеді - деп атап өтті кездесуге қатысушылар.

Іс-шара барысында қатысушыларға зерттеу жобалары және оларға қатысу шарттары туралы толық ақпарат ұсынылды. Конкурстан өткен зерттеушілер өңірлік оқыту семинарларына қатысу мүмкіндігіне ие болады және зерттеулер жүргізуде қолдау табады. PEER Network сондай-ақ зерттеушілер мен тәжірибешілер үшін онлайн дәрістер, вебинарлар және басқа ресурстарды ақысыз ұсынады. Олар әсіресе зерттеушілік қызметін енді ғана бастаған жас ғалымдарға пайдалы болады.