Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Жаналықтар

артқа

Ойнау және сыни тұрғыда ойлау: Дельфи зерттеуі

ЖБМ докторантура бағдарламасының 3-курс студенті Станислав Ханин Визакта, Үндістанда өткен «Адамзат үшін білімді түрлендіру 2018» (TECH2018) конференциясынан жаңа ғана оралды. ЮНЕСКО Махатма Ганди институты ұйымдастырған конференция ғылыми ортадан, ойын индустриясынан, сондай-ақ мектептерден 1000 астам кәсіпқойды, соның ішінде Minecraft Education, World Rescue, Collective Human Intelligence, Angry Birds әзірлеушілерін біріктірді.

Станислав цифрлік ойындарды сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға жәрдемдесу үшін қалай пайдалануға болады тақырыбы бойынша өз зерттеуін ұсынды. Оның жұмысы білімді әзірлеу және келісілген қорытындыларды жасау мақсатында білім және технологиялық салалардың халықаралық сарапшыларын біріктіретін дельфий тәсілін пайдаланумен зерттеу болып табылады. Бұл зерттеу тәсілі сауалнама деректерін жинауға, талдауға және зерттеу қатысушыларына қайта ұсыну үшін оларды қысқаша мәлімдеуге мүмкіндік береді. Деректерді жинау үш кезеңінің әрқайсысында қатысушылар сыни тұрғыдан ойлау және цифрлік ойындар туралы келісілген қорытындылардың қысқаша мазмұнын алады.

Бүгінгі күні оның Үндістан, Канада, АҚШ, Франция, Аустралия, Қытай мен Сингапурдан тіркелген сарапшылары бар.

Сіз де осы білім алудың бірегей мүмкіндігіне ие бола аласыз! Егер Сіздің білім беру технологияларына және сыни тұрғыдан ойлауға/мәселелерді шешуге қатысты тәжірибеңіз бар болса, онда ақпарат алу және қатысу үшін https://goo.gl/EAm2NM сілтемесі арқылы өтіңіз.

Промо бейнені қарау үшін келесі сілтеме арқылы өтіңіз https://youtu.be/TApIEcLkaK0

#technology #gaming #education #criticalthinking