Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Жаналықтар

артқа

NUGSE жаңа кітабы мектеп мұғалімдеріне CLIL әдіснамасын тереңірек түсінуге және оны іс жүзінде қолдануға көмектеседі

Біздің «Қазақстандағы көптілді білім беруде CLIL қолдану тәжірибесі: ұсынымдар мен мысалдар» атты жаңа кітабымыз Ксабьер Сан-Исидро, Сұлушаш Керімқұлова және пәндік-тілдік интеграцияланған оқытудың (CLIL әдістемесі) негізгі теориялық құрылымдарын анықтаған және тұжырымдаған, білім берудегі қолданбалы лингвистика саласындағы ең танымал ғалымдардың бірі Эдинбург университетінен До Койл редакциясымен жарық көрді. Кітап кез келген оқушы үшін пәндік бағдарланған интеграцияланған оқытудың байытылған тәжірибесін құруға бағытталған тәжірибелік және қолданбалы ресурс болып табылады. Кітап жоспарлау процесінің әртүрлі кезеңдеріне басшылықты қамтамасыз ететін жиырма негізгі қадамға негізделген. Үш тілде (ағылшын, қазақ және орыс) жазылған, ол әдістемелік тараудан және әртүрлі бағыттар бойынша тоғыз оқу блогынан (физика, информатика, биология немесе тарих) тұрады: төрт блок ағылшын тілінде, екеуі қазақ тілінде және екеуі орыс тілінде. Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің көптілді білім беру магистратурасының екінші курс студенттерінің кейбірі әзірлеген (2018-2020 жылдар) бұл тоғыз блок CLIL практикалық әртүрлі тақырыптар бойынша, әсіресе әртүрлі тілдерде қалай жұмыс істей алатыны туралы практикалық мысалдар келтіреді.

Кітапты мына жерден оқуға және жүктеуге болады: https://gse.nu.edu.kz/wp.../uploads/2021/02/BOOK_CLIL.pdf

NUGSE жаңа кітабы мектеп мұғалімдеріне CLIL әдіснамасын тереңірек түсінуге және оны іс жүзінде қолдануға көмектеседі