Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Жаналықтар

артқа

NUGSE ұйымдастыруымен Доктор Энди Харгрейвстің «Білім беру саласындағы өзгеріс» атты онлайн-семинары өтті

22 сәуірде Назарбаев Университеті Жоғары Білім Беру Мектебінің ұйымдастыруымен Доктор Энди Харгрейвстің «Білім беру саласындағы өзгеріс» атты онлайн-семинары өтті. Энди Харгрейвс - Оттава университетінің профессоры және Бостон колледжіндегі Линч білім беру мектебінің ғылыми профессоры. Ол сонымен қатар Гонконг және Норвегиядағы Ставангер университетінде дәріс оқиды. 

Семинарға ЖББМ оқытушылары, зерттеушілері, докторанттар мен магистранттар, мектеп түлектері, мұғалімдер, халықаралық ғалымдар, басқа қазақстандық жоғары оқу орындарының оқытушылары және Қырғыз Республикасының мамандары қатысты.

Семинар барысында өзгерістердің мұғалім жұмысына әсері, білім беру жүйесіне өзгерістерді енгізу жолдары, өзгерістерге басшылық жасау, мұғалімдердің әл-ауқаты мен жағдайының  маңыздылығы, коллаборативті мәдениетті дамыту және пандемиядан кейінгі білім беру жүйесі секілді күрделі әрі ауқымды мәселелер талқыланды.