Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Жаналықтар

артқа

НУ ЖБМ студенттері Италияның Больцано қаласында 2018 жылғы қыркүйекте өтетін Жаңа зерттеулер жөніндегі конференцияға және Білім берудегі зерттеулер жөніндегі еуропалық қауымдастық конференциясына (ECER) қатысу үшін стипендиялар алды

НУ ЖБМ өз студенттерінің жетістіктері туралы жаңалықтармен бөлісуге әрдайым қуанышты.

Бұл жолы біз Италияның Больцано қаласында 2018 жылғы қыркүйекте өтетін Жаңа зерттеулер жөніндегі конференцияға және Білім берудегі зерттеулер жөніндегі еуропалық қауымдастық конференциясына (ECER) қатысу үшін стипендиялар алған докторлық бағдарламаның 2-курс студенті және НУ ЖБМ зерттеуші Әсел Қамбатырованы және НУ ЖБМ докторлық бағдарламаның 1-курс студенті Алтынай Мустафинаны құттықтаймыз.

ECER Басқармасының деректері бойынша биыл олар көп сапалы өтініштерді алды, алайда Әсел мен Алтынайдың өтініштері көптеген бекітілген өтініштердің шамалы санының қатарында болды. ECER 2018 конференциясында Әсел «Қазақстандағы білім берудің үш тілді саясаты жағдайында ата-аналардың тілдік идеологиясы» атты өзінің докторлық зерттеуін ұсынады, ал Алтынай Қазақстанда Болон процесін институционалдандырумен байланысты мәселелерді көтереді. Біздің EERA стипендиаттарын тағы бір рет құттықтаймыз!