Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Жаналықтар

артқа

NUGSE Қазақстандағы жастар проблемаларын зерттеуге USAID -тің грантын алды

Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің Зерттеу департаменті зерттеулерге қатысуды кеңейту жөніндегі әріптестік бағдарламасы (Partnerships for Enhanced Engagement in Research, PEER) шеңберінде USAID әкімшілендіретін АҚШ Ұлттық ғылым, инженерия және медицина академияларының грантын алды.

«Қазақстандағы жастар проблемаларын бағалау және эксперименттік инновациялық шешімдер» өтінімі екі кезеңде іріктелген 29 жобаның қатарына кірді. Конкурсқа әлемнің түкпір-түкпірінен небәрі 474 өтінім келіп түсті. Іріктеу процесі барынша бәсекеге қабілетті болды, сондықтан біз жобаның ең жақсы деп аталғанын мақтан тұтамыз.

Жоба Қазақстанда NEET (Not in employment, education and training) жастар санын, яғни жұмыс істемейтін және оқымайтын жастар санын азайтуға бағытталған. Зерттеушілер Қазақстан үкіметі үшін осы құбылыстың алдын алу, жастарды қамту және реинтеграциялау бойынша жұмыс істейтін ұсынымдар әзірлейді. Жұмыспен қамтылмаған жастар мәселесі өте өткір. Әлемде жастардың 30%-ы (шамамен 600 млн. адам) оқымайды және жұмыс істемейді. Қазақстанда жастардың 7,4%-ы NEET санатына жатады, бұл шамамен 280 мың адам. Сарапшылар бұл көрсеткіш әлдеқайда көп екенін мойындайды.

Сондықтан екі жыл ішінде халықаралық топ жастардың осы санатқа көшу себептерін үш кезеңде байыпты зерттеп, тиісті ұсыныстар әзірлейді.

Ол үшін еліміздің әр өңірінде бірқатар сұхбаттар мен фокус-топтар жүргізу көзделіп отыр. Бұл мәселенің әлеуетті тиімді шешімдері анықталады. Жобаның жаңашылдығы барлық ұсынылған шешімдердің дәлелденген әдіснама негізінде эксперименттер барысында сынақтан өткізумен байланысты. Рандомизирленген зертханалық эксперименттер Назарбаев Университетінде және Alma U. жүргізілетін болады. Осылайша, эксперименттер неғұрлым ерте кезеңде әзірленген ұсынымдар мен тетіктердің тиімділігін айқындауға арналған болады. Сынақтан өткізген құралдар ғана кейіннен жұмыспен қамтылмаған жастарға қатысты  үкімет шараларын әзірлеуде пайдалану үшін жобаның нәтижесі ретінде берілетін болады.

Жобалық команда құрамына Georgia State University (Атланта, АҚШ) зерттеушілері кіреді, олардың ішінде біздің отандасымыз Бауыржан Едігенов, FiBS (Білім беру экономикасы және әлеуметтік мәселелер ғылыми институты, Германия) - Ғалия Елубаева. Ынтымақтастыққа үкіметтік емес ұйым – Қазақстанның Азаматтық альянсы тартылды. Екі жыл ішінде жоба аясында Назарбаев Университетінде және Alma U-да әлеуметтік эксперименттер зертханалары құрылады, ал ең бастысы – әлеуметтік эксперименттер жүргізу саласындағы зерттеушілер пұлы қалыптастырылады.

» өтінімі екі кезеңде іріктелген 29 жобаның қатарына кірді. Конкурсқа әлемнің түкпір-түкпірінен небәрі 474 өтінім келіп түсті. Іріктеу процесі барынша бәсекеге қабілетті болды, сондықтан біз жобаның ең жақсы деп аталғанын мақтан тұтамыз.