Жаналықтар
артқа
NUGSE қауымдастырылған профессоры Әлия Кужабекова «Ғылым көшбасшысы – Web of Science Awards» тәуелсіз марапатының «Қоғамдық ғылымдар жарияланымындағы белсенділігі үшін» номинациясы бойынша лауреаты атанды

NUGSE қауымдастырылған профессоры Әлия Кужабекова «Ғылым көшбасшысы - Web of Science Awards» тәуелсіз марапатының «Қоғамдық ғылымдар жарияланымындағы белсенділігі үшін» номинациясы бойынша лауреаты атанды. Доктор Кужабекова Web of Science Core Collection деректер базасындағы беделді халықаралық журналдарда ең жоғары дәйексөзді қазақстандық авторлардың бірі болып табылады.
Жыл сайын халықаралық марапатқа бүкіл әлем бойынша 500-ден астам лауреат ие болатынын айта кету керек.
Бұл біздің әріптесіміздің алғашқы марапаты емес. 2017 жылы Доктор Әлия Қожабекова Springer Nature Awards нұсқасы бойынша Орталық Азия өңірі елдерінің үздік ғалымдарының бірі болып танылды. Әлия әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласында ең көп жариялым жасаған Қазақстан ғалымдарының қатарына кірді. Біз халықаралық деңгейде танымал көптеген ғылыми нәтижелерді жариялаған әріптесімізді мақтан тұтамыз!

