Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Жаналықтар

артқа

NUGSE Әлеуметтік ықпалға бағытталған зерттеу: іс-әрекеттегі зерттеу жүргізудің ерекшеліктері» тақырыбында вебинар өткізді

2020 жылдың 22 мамырында Назарбаев университеті Жоғары білім мектебі «Әлеуметтік ықпалға бағытталған зерттеу: іс-әрекеттегі зерттеу жүргізудің ерекшеліктері» тақырыбында вебинар өткізді. Вебинардың спикері, Д-р Гүлмира Қанай, академиялық білімнің қоғамға тікелей пайдасы болуының маңыздылығын алдыға тартты. Спикер Қазақстан мектептерінде сыни бірлескен іс-әрекеттегі зерттеу жүргізудің ерекшеліктері жөнінде сөз етіп, өзінің зерттеуінің қорытындыларымен бөлісті. Спикер жоғары оқу орындары мен мектептер арасындағы серіктестік құрудың маңызы жөнінде және бірлескен іс-әрекеттегі зерттеу арқылы жергілікті теориялар мен тәжірибелерді дамытуға болатындығын алдыға тартты. Вебинар соңында тыңдармандардан көптеген сұрақтар келіп түсті. Қазақ тілінде осындай вебинарларды жиі ұйымдастырудың маңыздылығы айтылды.