Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Жаналықтар

артқа

НУ ЖББМ оқытушысы Дархан Билялов Asian Higher Education Outlook 2019 (AHEO, Азиядағы жоғары білім беру болашағы) баяндамасын әзірлеуге қатысты

НУ ЖББМ оқытушысы Дархан Билялов Asian Higher Education Outlook 2019 (AHEO, Азиядағы жоғары білім беру болашағы) баяндамасын әзірлеуге қатысты. Баяндама жақында құрылған Азия университеттер альянсының негізгі жарияланымы, өзара тиімді ынтымақтастық, идеялар мен таланттарды алмасу арқылы өз мекемелерін жетілдіруге бағытталған бүкіл Азия бойынша он бес университеттің бірлескен бастамасы болып табылады. Жоғары білім берудегі жаһандық интеграциялық үдерістердің негізгі элементі - ААУ оқытудың, ғылыми зерттеулер мен қызметтердің жоғары сапасына қол жеткізуді және қолдауды алға жылжытады. 2017 жылы он бес университеттен құрылған Альянс ғалымдарға, студенттерге және басшыларға алмасу бағдарламалары, конференциялар және бірлескен зерттеулер сияқты әртүрлі мүмкіндіктерді ұсынады.

Альянс жұмысының төрт бағытының бірі - Asian Higher Education Outlook (AHEO, Азиядағы жоғары білімнің перспективалары) жыл сайынғы баяндамасын әзірлеу үшін ғалымдардың ынтымақтастығы. Бұл баяндама Король Сауд атындағы университеттен бастап Токио университетіне дейінгі кең аумақты қамтитын сирек басылым болып табылады және Азиядағы жоғары білім саласындағы инновацияларға кең шолу жасайды. Авторлардың пайымдауы бойынша құжат "мүлдем азиялық" болып табылады, себебі мұнда Азияның ерекше әлеуметтік-мәдени ортасы мен құндылықтары ескеріледі. Бұл баяндаманың редакторлары Цинхуа университетінен келген Чжан Чжоу, Хэмиш Коутс және Цзинхуань Ши болып табылады.

НУ ЖББМ оқытушысы Дархан Билялов баяндамаға екі тақырыптық зерттеу енгізіп, "Келесі буын докторантурасының дамуын қадағалау" (ағылш. "Tracing the Development of Next-generation Doctorates") тарауының тең авторы болды. Доктор Билялов Назарбаев Университетінің докторантура саласындағы осы инновациялардың маңыздылығын атап өтті, атап айтқанда, университеттің стратегиялық серіктестерінің докторлық диссертацияларын бірлесіп басқару, жақында құрылған Еуразиялық зерттеулер бойынша докторантура бағдарламасы, Инженерия мектебі мен Ғылым және технология мектебі докторантурасының бірлескен бағдарламасы және басқа да елеулі жетістіктер. AНEO 2019 есебінің нәтижелері жақында АУА президенттерінің форумында 22-24 мамырда Алматы қаласында өткен 2019 жоғары білім көшбасшыларының форумында талқыланды.