Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Жаналықтар

артқа

НУ ЖББМ ғалымдары “Қазақстанда инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау” жобасын аяқтады

Назарбаев Университетінде ЖББМ ғалымдар тобы өткізген елорданың үш жалпы білім беретін мектептерінің ресурстық орталықтарын зерттеу нәтижесі болған есептің ғылыми тұсаукесері және "Қазақстанда инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау" атты дөңгелек үстелі өтті.

Рита Каса кірген зерттеу тобы жобаның ғылыми жетекшісі ретінде Джанет Хелмер, Дэниел Торрано, Мишель Сомертон және Майкл Тцедисо ДАРА қорының қолдауымен мектептерде құрылған ресурстық орталықтардың кейс-стадиін өткізді. Есеп авторлары өздерінің мектеп ресурстық орталықтары туралы объективті ақпарат берген ДАРА қорына алғыс білдіретінін атап өткен жөн.

Ғалымдар мектеп басшылығының, инклюзивті білім беру ресурстық орталықтарының, Білім және ғылым министрлігінің, Білім басқармасының, үкіметтік емес ұйымдардың және ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың ата-аналарының өкілдерімен сұхбат жүргізді. Зерттеу көрсеткендей, үш көрші мектептерде құрылған, инклюзивті білім берудің мектеп ресурстық орталықтары осы күнге дейін бұл сұраққа бірінші кезектегі назар аудармаған мектептерде инклюзивті білім берудің негізін қалады. Инклюзивті білім берудің мектеп ресурстық орталығының болуы білім беру процесіне ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды енгізу туралы мәселесін көтереді. Ресурстық орталықтарды құру жалпы білім беретін мектепте инклюзивті білім беру мүмкіндігіне деген көзқарасты өзгертеді, бұл қадам инклюзия мәселесінде мектеп мәдениетінің өзгеруіне әкеледі.

Сонымен қатар, зерттеу мектеп ресурстық орталықтарының жұмысында және инклюзивті білім беруді дамытудағы кедергілерді анықтады. Есепте инклюзивті білім беруді дамыту үшін одан әрі іс-қимыл жасау жөніндегі ұсынымдары бар бөлім ерекше қызығушылық тудырады. Бұл есеп Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінде инклюзивті білім беруді енгізу үдерісіне мүдделі барлық азаматтарға пайдалы болады.