Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Жаналықтар

артқа

NORRAG-тың жаңа нөмірінің презентациясы өтеді

15 желтоқсанда сағат 11.00-де NORRAG арнайы шығарылымының үшінші нөмірінің "Ұлттық білім беруді дамытудың жаһандық мониторингі: мәжбүрлі немесе конструктивті?» презентациясы өтеді.

NORRAG – бұл алты тілде шығарылатын және білім беру саясатының мәселелерін қарастыратын ашық халықаралық басылым. Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі журналдың орыс тілді нұсқасын шығарады.

Бұл нөмірдің тақырыбы халықаралық салыстырмалы зерттеулер көрсеткіштерінің және халықаралық және қазақстандық мәнмәтіндегі білім беру мониторингі бойынша әлемдік баяндамалардың рөлін ұғынуға арналған. Нөмірді журналдың орыс тілді нұсқасының редакторы, Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің аға ғылыми қызметкері Алима Ибрашева ұсынатын болады.

Презентцияға мақалалардың авторлары Алмагүл Құлтуманова (Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кітапханасының инновациялық және зерттеу жобалары қызметі) және Аида Ахметжанова (ҚР БҒМ Ақпараттық-талдау орталығы) қатысады. Талқылауға ақпараттық-талдау орталығының вице-президенті Мағжан Аманғазы да қатысады.

Сілтеме бойынша тіркелу.