Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Жаналықтар

артқа

Назарбаев Университетінің Жоғары білім мектебі – “Еуропа, Азия және Тынық мұхиты аймағында білім және инновациялар алмасуға арналған хаб” жаһандық жобасын жүзеге асыру бойынша NORRAG-тың аймақтық әріптесі

Жобада білім берудің ұлттық жүйесін нығайту мақсатында әлемнің 20-дан астам елі арасында білім, инновация және озық тәжірибе алмасу қамтылған. KIX-тің негізгі принципі осы елдерде білім мен инновациялардың бар екендігі туралы идея болып табылады және KIX-тің миссиясы осы білімді көрсетуге көмектесу және инновациялар ауқымын қалай кеңейтуге болатынын анықтау болып табылады. НУ ЖБМ оқыту бойынша NORRAG-тың аймақтық әріптесі ретінде аталған мақсатқа қол жеткізу үшін барлық қатысушы елдердің білім беру салаларының стейкхолдерлерін тарта отырып, қолдау көрсетеді және олардың білім беру жүйесін жетілдіруге ықпал етеді. 

Цифрлық білім алмасу платформасын құру. Жоба сайтында ғылыми білімдер, құралдар, подкаст жазбалары жиналатын болады. Воркшоптар мен вебинарлар өткізіледі. 

Ұлттық сарапшыларды даярлау. Жыл сайын  NORRAG сарапшыларының тәлімгерлігімен зерттеу жобалары мен инновациялар бойынша кейстерді әзірлеу бойынша әр елден 3 адам жұмыс істейтін болады. 

Инновациялық жобалар әзірленеді және оларды елде кеңінен тарату мүмкіндігі зерттелетін болады.

Жобаның мерзімі - 2020 жылдың сәуірінен бастап 45 ай.

Орталықтың алдағы іс-шараларына, атап айтқанда, білім беру және "Оқу циклдары" нысанында білімдерімен алмасу, сондай-ақ вебинарлар, подкасттар, KIX цифрлық платформасы, блогтардағы хабарламалар арқылы білімді тарату кіреді. Оқу циклдері арқылы ұлттық сарапшыларға біліктіліктерін арттыруға және ел және өңірлік деңгейлерде өзекті білім беруге неғұрлым белсенді қатысуларына мүмкіндік берілетін болады, сол арқылы қатысушы елдер KIX артықшылықтарын пайдалана алады. 

Жоба сондай-ақ әріптестердің инновацияларымен және қызықты пилоттық жобаларымен танысу үшін шағын гранттар ұсынады. 

Субөңірлер, қатысушы елдер және аймақтық әріптестер:

NUGSE - Орталық Азия мен Моңғолия аймағындағы әріптес. Қатысушы елдер: Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Өзбекстан және Моңғолия. 

ACER-Оңтүстік-Шығыс Азия және Тынық мұхит аймағындағы әріптес. Қатысушы елдер: Камбоджа, Мьянма, Папуа-Жаңа Гвинея және Тимор-Лешти. 

ACER - Оңтүстік Азия аймағындағы әріптес. Қатысушы елдер: Пәкістан (Синд), Бутан, Мальдив аралдары, Непал және Ауғанстан. 

FHI 360 - Еуропа аймағындағы әріптес. Қатысушы елдер: Албания, Грузия және Молдова. 

• 20 шілде: KIX Ұлттық басқару комитеті Инновациялар бойынша бірінші Оқу цикліне қатысатын 3 кандидатураны бекітеді. 

• 7 қыркүйек: инновация бойынша бірінші оқу циклінің басталуы