Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Жаналықтар

артқа

Назарбаев Университеті Жоғары Білім Мектебі түлектері Жулдыз Аманкулова және Др. Лаура Карабасова Америка елшілігінің грантын ұтып алды

Назарбаев Университеті Жоғары Білім Мектебі (НУЖБМ) түлектері Жулдыз Аманкулова (Миннесота Университеті докторанты) және Др. Лаура Карабасованың (НУЖБМ постдокторанты) Миннесота Университеті ғалымдарымен бірігіп ұсынған жобасы АҚШ пен Қазақстан университеттері арасындағы серіктестікті дамыту грантына ие болды. Жобаны Нұр-Сұлтандағы Америка елшілігі қаржыландыруда. Жоба аясында Миннесота университеті М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетімен (ОҚУ) бірге ағылшын тілі мен STEM пәндерін кіріктіріп оқыту әдістемесі мен оқу бағдарламасын жетілдіру бағытында жұмыс істейді. Жоба оқытушы-профессорлық құрамының арасындағы пәнаралық байланысты нығайтып, инновациялық оқыту әдістерін жетілдіруге мүмкіндік туғызады.

Айта кетерлік жайт, аталмыш жоба грантқа тапсырыс берген көптеген жобалардың ішінен іріктелген ең үздік 13%-ның бірі атанды. Барлық өтінімдер АҚШ Мемлекеттік департаментінің Оңтүстік және Орталық Азия бюросының, АҚШ-тың Нұр-Сұлтандағы елшілігінің және Халықаралық білім беру жөніндегі Американдық кеңестің өкілдері кіретін іріктеу комиссиясымен мұқият қаралған.