Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Жаналықтар

артқа

Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі, «Шеврон» компаниясы және «Дара» қоры қазақстандық педагогтарға инклюзивті білім беру ортасында жұмыс істеу үшін кәсіби құзыреттілігін арттыруға көмектеcеді

Бүгін Қазақстанның барлық өңірлерінде 3000-ға жуық мұғалім мен балабақша тәрбиешілері инклюзивті ортада оқытуға үш апталық дайындық бағдарламасы бойынша оқуды бастады. Бағдарламаны Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің инклюзивті білім беру саласындағы профессор-сарапшылардың халықаралық командасы әзірледі және «Шеврон» компаниясымен әріптестікте «Дара» қайырымдылық қорымен бірлесіп іске асырылуда.
«Бұл ауқымды жоба әрбір балаға, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларға да сапалы білім беруге кепілдік беру үшін қоғамдағы өзгерістердің жолсерігі болатын, инклюзивті практикаға ынталы және қабілетті педагогтарды даярлау арқылы инклюзивті білім беруді дамытуға үлес қосады», - дейді жобаның жетекшісі, Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің профессоры Сулошни Патер.
«Білім беруді инклюзивті ету» жобасы ҚР білім деруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсатына қол жеткізуге - барлық мектептерді инклюзивті ету мақсатына қол жеткізуге жәрдемдесетін болады.
Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінде осы тақырып бойынша Қазақстандағы үздік сарапшылар командасы жұмыс істейді. Инклюзияны дамыту бойынша өз қызметімен танымал «Дара» қорының мамандарымен бірге олар инклюзивті білім беруге көшу кезінде қолдауды, біліктілікті арттыруды және арнайы дағдыларды дамытуды қажет ете педагогтарды оқыту бағдарламасын әзірледі.
Коронавирустық инфекцияның пандемиясына байланысты оқыту онлайн форматта өткізілетін болады. Жоба командасы бағдарлама нәтижелерін бағалау және біліктілікті арттырудан өткен педагогтарға одан әрі қолдау көрсету үшін оқуды аяқтағаннан кейін оффлайн кездесулерді де жоспарлап отыр. Сондай-ақ, бағдарлама барысында мектеп директорының арнайы тренингтері өтеді. БҒМ, Алтынсарин атындағы Білім академиясының және университеттердің қатысуымен семинарлар өткізіледі.
Әділ, қолжетімді және сапалы білім алуға және инклюзивті құндылықтарға қолжетімділікті қамтамасыз етудің жалпы әлемдік қағидаттарын қолдауға ұмтылатын Қазақстанда жалпы білім беретін мектеп ортасына қосылған ерекше қажеттіліктері мен денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балалардың саны өсуде.
Алайда, бұл процесс өте баяу жүріп жатыр, ал жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, мұғалімдер инклюзивті білім берудің сәтті іске асырылуына сенсе де, олар көбінесе барлық балаларды, әсіресе мүгедектіктің ауыр түрлерімен ауыратын құрдастарымен бірге оқу процесіне қосуға қарсы тұрады. Сондықтан мұғалімдердің көзқарасы инклюзивті білім беруге көшудің шешуші факторы болып саналады.