Жаналықтар
Медицина ЖОО-ларының жоғары және орта буын басшыларына арналған КДБ басталды

Бүгін Қазақстан Республикасының төрт медицина университетінің – С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің, М.С.Оспанов атындағы
Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің, Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің - жоғары және орта буын басшылары НУ ЖБМ Қосымша білім беру департаменті ұйымдастырған кәсіби даму бағдарламасына қатысты. Сабақ НУ ЖБМ деканы Аида Сағынтаеваның «Назарбаев университеті: басқару құрылымы» атты презентациясынан басталды.
Кейінгі күндерде қатысушылар «Көшбасшылық және менеджмент», «Дербестік және есептілік», «Зерттеу қызметін басқару», «Білім, ғылым мен медицина қызметтерінің интеграциясы» тақырыптары бойынша сабақтарға қатысады.