Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Жаналықтар

артқа

KIX Europe Asia Pasific жобасы шеңберінде оқуға конкурс жарияланды. Білім беру сарапшылары шақырылады

Грузиядан, Қырғызстаннан, Молдовадан, Моңғолиядан, Тәжікстаннан және Өзбекстаннан келген білім беру сарапшылары үшін "білім берудегі инновацияларды бағалау және масштабтау" тақырыбы бойынша 14 апталық оқыту мен менторлықтан өту үшін конкурс жарияланды. Бұл білім берудегі жаһандық әріптестік гранты (GPE) аясында қаржыландырылатын Kix Europe Asia Pasific (KIX EAP Learning Cycle Flyer - RU) үш жылдық жобасының алғашқы циклы болады. Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі осы тамаша жобаны іске асыруда NORRAG өңірлік әріптесі болу үшін қатаң критерийлерге сәйкес келетін Орталық Азия мен Моңғолия аумағындағы жалғыз білім беру мекемесі болып танылды. Алдағы курстың сондай-ақ жоғары талаптар қойылатын лекторлар арасында біздің Жоғары білім беру мектебінің профессоры Дархан Біләлов те бар.

Лекциялар кестесі және лекторлар туралы ақпарат: LC1 schedule RU