Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Жаналықтар

артқа

GSE оқытушылары Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде кездесу өткізді

Жоғары білім беру мектебінің оқытушылары Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде кездесу өткізуге шақырылды

2019 жылдың 8 қарашасында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Жоғары білім беру мектебінің профессор-оқытушылар құрамы - профессор Наурин Дуррани және Доктор Зумрад Катаева үшін жарты күндік семинар ұйымдастырылды. Жоғары білім беру мектебінің профессорлары "Қазақстандағы гендерлік сұрақтар және мектеп білімі" тақырыбы бойынша өздерінің ағымдағы зерттеулерінің нәтижелерін ұсынды. Семинарға Алматының университеттерінен гендер саласындағы жетекші ғалымдар мен зерттеушілер, сондай-ақ гендерлік мәселемен айналысатын ҮЕҰ қатысты. Семинарды ғылыми жұмыс және инновация жөніндегі проректор Гүлжан Оразаева ашты, ол өз мекемесінің ғылыми-зерттеу қызметімен бөлісті.  Профессор Наурин Дуррани оқулықтарды талдау және мектептердің сапалы зерттеулерінен кейін алған жаңа нәтижелерімен бөлісті.  Доктор Зумрад Катаева Назарбаев университетінің гендерлік ғалымдар консорциумының ағымдағы зерттеулері, мақсаттары мен қызметі туралы айтты. Қызу пікірталас барысында аудиторияда Қазақстандағы гендерлік мәселелерге қатысты бірқатар мәселелер көтерілді.  Семинар соңында профессор Дуррани мен доктор Катаева проректор Ләззат Бөлебаевамен және өзара қызығушылық пен ынтымақтастық салаларын анықтау үшін гендерлік зерттеулер бөлімінің командасымен кездесу өткізді. Доктор Катаева мен профессор Дуррани Нархоз университетінің гендерлік экономиканы зерттеу орталығына барып, бірлескен зерттеу гранттары бойынша жұмыстарды талқылады.