Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Жаналықтар

артқа

GSE-де  ПМПУ декандары тағылымдамадан өтуде

Біздің Жоғары білім беру мектебінде Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің декандары үш күн тағылымдамадан өтті. Тағылымдама осы жылдың күзінде ЖББМ профессорлары мен қызметкерлерінен құралған команда ПМПУ-да «Білім берудегі көшбасшылық» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсын өткізген декандарды курстан кейінгі қолдау нысаны болды.

Павлодарлық әріптестерінің мойындауынша, біліктілікті арттыру курстары басқару құрылымының, білім беру бағдарламаларының дизайны мен экожүйенің және ПМПУ-да барлық ілеспе процестердің маңызды трансформацияларының бастамасы болды. Бірақ тиімді түрлендірулер үшін мұндай мәселелерде академиялық артықшылыққа ие адамдардың әрдайым «тірі» тәжірибесі қажет.

Тағылымдаманың алғашқы маңызды пункті қонақтарымыздың докторантура бойынша Academic Council-да және Working Group-да қатысуы болды. Декандар іс жүзінде ағымдағы басқарудың жұмыс сәттері мен рәсімдерін және білім беру бағдарламаларын жетілдіру бойынша шешім қабылдауды көрді.
ЖББМ ПОҚ-мен кездесу негізгі сұрақтар қоюға және оларға толық жауап алуға мүмкіндік берді.


Академиялық департамент студенттерді қабылдау бойынша өз технологияларымен, ағымдағы академиялық үдерістер менеджментімен бөлісті. Интернационалдандыру жөніндегі комитеттің отырысына бару интернационалдандыру мәселелері мысалында корпоративтік және алқалы басқару іс-қимылында қалай көрініс табатыны туралы іс жүзінде білуге мүмкіндік берді.

Назарбаев Университетінің студенттік істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті Қадиша Даировамен кездесу екінші күннің маңызды шарасы болды, ол халықаралық деңгейдегі ЖОО студенттерімен тәрбие жұмысының тәжірибесімен бөлісті.

ПМПУ декандары декан Аида Сагинтаевамен, атқарушы директор Ерлан Шулановпен және ЖББМ вице-деканы Джейсон Спаркспен кездесулердің пайдасын жоғары бағалады. Бұл кездесулер Университет мектебін басқарудағы рөлдер мен жауапкершіліктерді алқалық басқару жағдайында бөлуді ұғынуға мүмкіндік берді.

ПМПУ декандары ЖББМ кадр қызметінің өкілдерімен де кездесті. Олар үшін болашақ оқытушыларды жалдау үдерісіне Мектеп профессорларын тарту сәті қызықты болды. Негізгі идея – профессор-оқытушылар құрамын қабылдау ең алдымен білім беру бағдарламасына жүргізіледі.

Үшінші күн білім беру процесі мен ғылыми зерттеулерді зерттеуге арналды. Қонақтар докторанттардың академиялық сабақтарына қатысты. Жеке сессиялар - мектеп профессорларымен әңгімелесу оқыту стратегияларына, қағидаттарына, құралдарына және бағалау рәсімдеріне байланысты сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік берді.
Ғылым департаменті өз кезегінде декандарды білім саласындағы өзекті зерттеулермен «жүктеді».

Оң көңіл-күй, оң кері байланыс Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің тәжірибесі Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетіне сәтті таратылып, өңірдің білім беру саласында мультипликативті әсер етеді дегенге үміттенуге мүмкіндік береді.