Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Жаналықтар

артқа

GSE-де білім беру саласының танымал сарапшысы Гарри Патринос дәріс оқыды

26 қарашада Дүниежүзілік банк менеджері, Ph.D. докторы . Танымал сарапшы адами капиталды өлшеу жөніндегі ғаламдық жобаның нәтижелерімен бөлісті. Бұл жоба бүкіл әлемде адамдар сапасын тек оқу ұзақтығымен ғана емес, үйлестірілген тест нәтижелерімен (harmonized learning outcomes) өлшеудің тың жолын ұсынды. Мұндай тестілер қатарына PISA, TIMSS, PIRLS және т.б. жатқызылған.

Қазақстан халықаралық салыстырмалы зерттеулерге ерекше мән беретіндіктен біздің еліміз бойынша деректер айтарлықтай көп. Күтпеген әрі жағымды жаңалық – үйлестірілген тест нәтижелері бойынша республикамыздың 157 ел ішінен 10-орыннан көрінуі! Ал, жалпы Адами капитал индексі бойынша Қазақстан 31-орында тұр. Индексті құрайтын 5 компоненттің ішінде барынша үлес қосқан 3-уі білім беру мен оның сапасына қатысты.

Дәрісті Дүниежүзілік банктің жергілікті өкілдігі, Назарбаев Университеті Жоғары білім мектебі мен Білім беру саласындағы зерттеушілердің Қазақстандық қоғамы ұйымдастырды. Доктор Г. Патриносты тыңдауға университеттің оқытушылары мен студенттері ғана емес, ҚР БҒМ Ақпараттық-талдау орталығы, Назарбаев зияткерлік мектептері, «Астана» халықаралық қаржы орталығы және т.б. ұйымдардың қызметкерлері келді.