Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Жаналықтар

артқа

Дуйшон Шаматов «Сабақты зерттеу: Қазақстандық мектептердің тәжірибесі» атты қалалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты

2018 жылғы 18 мамырда д-р Дуйшон Шаматов, Назарбаев университеті Жоғары білім мектебінің қауымдастырылған профессоры, НЗМ Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған «Сабақты зерттеу: Қазақстандық мектептердің тәжірибесі» атты қалалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда негізгі баяндаманы жасауға шақырылды. Педагогикалық шеберлік орталығы «Сабақтарды зерттеуді» өзінің мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламалары шеңберінде әріптестермен рефлексивті диалогтар арқылы мұғалімдік тәжірибені жетілдіретін педагогикалық тәсіл ретінде 2012 жылдан бері өткізіп келеді. Конференцияға Астанадан 200 астам мұғалім және басқа қалалардан Педагогикалық шеберлік орталығы филиалдарының өкілдері қатысты. Д-р Шаматов «Оқыту сапасын арттыру үшін бақылауды пайдалану» атты баяндама жасады, бұнда ол сабақтарды зерттеудің мұғалімдік тәжірибені жетілдірудегі рөлін сипаттады және сабақтарды зерттеудің әртүрлі модельдерін ұсынды. Ол сондай-ақ бақылаудың басты мәселелерін де анықтады және оның тиімділігін арттыру үшін ұсыныстарды келтірді. Д-р Шаматовтың баяндамасы жақсы қабылданды және Педагогикалық шеберлік орталығының өкілдері, соның ішінде НУ ЖБМ түлегі Ажар Қожабаева, оның баяндамасын жоғары бағалап, бұдан кейін бірлесіп жұмыс жасау мен зерттеулер өткізу мүмкіндіктерін талқылады.