Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Жаналықтар

артқа

COVID-19 пандемиясы кезінде шұғыл қашықтықтан білім беру және ағылшын тілін оқыту: Қазақстандағы балалар мен мұғалімдердің дауысы

Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі (ЖББМ) Сіздерді ЖББМ профессор ассистенті Анас Хаджар ұйымдастырған «COVID-19 пандемиясы кезінде шұғыл қашықтықтан білім беру және ағылшын тілін оқыту: Қазақстандағы балалар мен мұғалімдердің дауысы» атты ЖББМ вебинарына шақыруға қуанышты. Доктор Хаджар НУ ЖББМ PhD бағдарламасының директоры және профессор ассистенті болып табылады. 

Бұл баяндамада COVID-19 өршуі кезінде Қазақстанның үш мемлекеттік мектебінің оқушылары мен олардың ағылшын тілі мұғалімдерінің ағылшын тілін үйрену және оқыту тәжірибесі қарастырылады. Баяндама Бенсон және басқалар ұсынған, сыныптан тыс тілді үйренудің төрт өлшемді моделіне (2011 ж.) негізделген: (а) орналасқан жері (физикалық немесе виртуалды), (б) рәсімділік (ресми немесе бейресми агенттер), (в) бақылау орны (басқаларға бағытталған мақсаттар немесе өзіне бағытталған мақсаттар) және (г) педагогика. Деректер оқушылардың жеке онлайн сұхбаттары мен суреттері арқылы жиналды. Алынған деректер ағылшын тілі мұғалімдерінің онлайн сабақтар өткізу үшін негізінен «Zoom» және «WhatsApp» платформаларын пайдаланғанын көрсетеді. Қатысушылар үйде онлайн бірлескен жұмыс тәжірибесінің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалауға бастамашылық жасады. Бірнеше мұғалімдер онлайн-білім беру оларға қаржылық және кәсіби пайда алуға көмектескенімен, студенттердің онлайн-үлгерімін бағалауда қиындықтарға тап болғанын және олардың салауаттылығына және өмір сапасына теріс әсер еткенін атап өтті. Сондай-ақ, оқушылар өздерінің ағылшын тілі мұғалімдерінің тәжірибесін, атап айтқанда WhatsApp-ты шамадан тыс пайдалануын, бірлескен іс-шаралардағы кемшіліктерін және сұрақтарға жауап бергенде кешігуін сынға алды. Осыған байланысты 16 оқушы (53%) ағылшын тілінен күндізгі және онлайн-репетиторлық сабақтар алды. Педагогикалық салдарлар мен одан әрі зерттеу салалары ұсынылады.

Күні және уақыты: 28 қазан (бейсенбі) сағат 17:00.

Тіл: Ағылшын

Тіркелу және вебинар үшін Zoom-ға сілтеме: https://nu-edu-kz.zoom.us/j/95620903447