Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Жаналықтар

артқа

Compare: A Journal of Comparative and International Education (қазақша Салыстырмалы және халықаралық білім беру журналы) журналында доцент Әлия Қожабекованың және постдокторант Айнұр Альмухамбетованың мақаласы жарияланды

Compare: A Journal of Comparative and International Education (қазақша Салыстырмалы және халықаралық білім беру журналы) журналында доцент Әлия Қожабекованың және постдокторант Айнұр Альмухамбетованың мақаласы жарияланды. Өз зерттеулерінде тақырыптық зерттеулерге сапалы көлденең салыстырмалы көзқарасты пайдалана отырып, олар Орталық Азияның академиялық аясындағы көшбасшы әйелдердің жұмыс ауысымы кезінде/жұмыс процесінде кездесетін проблемаларды, көшбасшы әйелдер тәжірибесіндегі мәселелер мен кез келген айырмашылықтарды анықтау үшін тәжірибесін зерттеді. Зерттеу нәтижелері басқа елдерде жүргізілген алдыңғы зерттеулермен келісіледі. Жоғары білім беру мектебінің зерттеушілер командасы бір ерекшелігі әйелдер тәжірибесін өңірде ерекше етеді деп тапты. Басқа аймақтардағы әйелдерге қарағанда, Орталық Азиядағы әйелдер бірнеше қарама-қайшы гендерлік күтулерге тап болады. Зерттеу бейресми байланыс желілерінің жұмыс істеуінің белгілі бір ережелері әйелдердің дамуына кедергі келтіруі мүмкін екенін көрсетті. Батыста әзірленген теориялар әйелдердің ілгерілеуіне кедергі жасайтын, осы феноменнің динамикасын түсіндіре алмайды. Бұл зерттеудің үлесі-академиялық аяда әйелдер көшбасшылығын талдаудың жаңа теориялық перспективасы болып табылады.