Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Жаналықтар

артқа

Болашақ ұстаздарға арналған тренинг басталды

ҚР Білім министрлігінің тапсырысы бойынша Назарбаев Университетінің ұйымдастыруымен Таразда болашақ ұстаздарға арналған тренинг басталды. Отандық және шетелдік сарапшылар өткізетін тренинг-бағдарламада инклюзивті білім беру, сыни ойлау әдістерін дамыту, көптілділікті үйрету және білім беру саласындағы менеджмент сияқты тақырыптар қамтылған. Қазақстанның басқа да оқу орындарындағы педагогика мамандарына екі жарым ай бойы осындай тренингтер өткізіледі. Тренингтің алғашқы екі дәрісін Тараздағы Дулати атындағы университеттің студенттері, магистранттары мен оқытушылары тыңдады. Физика-математика ғылымдарының докторы, сарапшы Игорь Ткаченко физик студенттерге мұғалімнің ғылыми зерттеу белсенділігі туралы және кулон жүйесінің күшті байланысы заманауи ғылыми әдіспен қалай зерттелгені жөнінде айтып берді. Игорь Ткаченконың тағы бір дәрісі рейтінгі жоғары ғылыми журналдарда жарық көрген мақалалар туралы болды. Игорь Ткаченко Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде барлығы 11 дәріс оқиды. Сондай-ақ сарапшы қазақстандық ғылым кандидаттары мен магистранттарының ғылыми жұмыстарын талдамақ.