Жаналықтар
Білім берудегі академиялық адалдықтың рөлі

120-дан астам мектеп мұғалімдері, колледж оқытушылары, магистранттар мен докторанттар, Қазақстанның және таяу шет елдердің ғылыми ұйымдары қызметкерлері кеше NURSE профессоры Дүйшон Шаматовтың «Білім берудегі академиялық адалдықтың рөлі» атты вебинарына қатысты.
Вебинар барысында профессор Шаматов қатысушыларға академиялық адалдық қағидаттарын бұзуға жататын алдаудың басқа да түрлері бар болса да академиялық ұждансыздыққа тек плагиат қана жатады деп қате ойлауды түсіндірді. Ол сондай-ақ академиялық адалдық жағдайында қолданылатын санкциялар мәселесіне толықтай тоқталып, студенттерге академиялық адалдықтың ережелері мен принциптерін қалай түсіндіру жөнінде өз тәжірибесімен және идеяларымен бөлісті. Интерактивті режимде өткен вебинар тақырып бойынша білімін тексеруге арналған арнайы тестімен аяқталды.
Қатысушылардың айтуынша, профессор Шаматов өткізген вебинар тақырыбы білім беру жүйесі үшін өте өзекті. «Осы тақырып бойынша вебинарлардың жалғасқанын қалаймыз. Бұл өте маңызды, өйткені мен бұрыннан орта білім беру жүйесінде жұмыс істеп келемін және үнемі плагиатты кездестіремін -авторлық жұмыстар, оқушылардың ғылыми жобалары, конференцияларға мақалалар сатылады және мұғалімдердің шығарылатын кітаптарында сатып алынған материалдар жарияланады. Бұл мен үшін қорқынышты нәрсе, бұны не істеу керек? -деп вебинардан кейін қатысушылардың бірі Майра Рахымбаева жазды.

