Жаналықтар
артқа
Білім беру саласындағы зерттеушілердің әдеп кодексі әзірленді

Білім беру саласындағы зерттеушілердің қазақстандық қоғамы (KERA) Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебімен әріптестікте Қазақстан білім зерттеушілерінің әдеп кодексін әзірледі. Бұл мазмұны мен ауқымы бойынша ұлттық білімдегі алғашқы салалық кодекс. Кодекс қағидалары зерттеудің барлық кезеңдеріндегі (жоспарлау, қатысушыларды тартып іріктеу, дерек жинау және есеп берудегі) іс-әрекет үлгілері ретінде түсінікті әрі қолданбалы етіп тұжырымдалған. Құжатта зерттеуді әдеп тұрғысынан реттеудің халықаралық тәжірибесі мен Қазақстан заңнамасының талаптары үйлестірілген. KERA Кодексіне республика аумағында білім саласында зерттеумен айналысатын барлық ұйымдар мен зерттеушілер қосыла алады.