Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Жаналықтар

артқа

«Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар» монографияның тұсаукесері

1 наурызда сағат 16: 00-де «Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар» монографиясының тұсаукесері өтеді. Монографияның мақсаты – Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша дербестік жағдайында білім беру бағдарламаларын әзірлеудің әдістемелік негіздерін жасау. Жоғары білім берудің философиясына, теориясы мен тәжірибесіне негізделген монография білім беру бағдарламасын әзірлеудің, құрылымын жасаудың, түрлері мен мазмұнының алгоритмін игеруге тәжірибелік көмек бола алады.

Бұл қызықты кітап білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, енгізуге және бағалауға қатысы барлардың барлығына пайдалы шолу және өздерінің жұмыстарына қолдау бола алатын маңызды тақырыптардың тізімін ұсынады. Ұсынылған тақырыптық мәтін авторлардың Назарбаев Университетінде және басқа елдердегі жоғары оқу орындарында білім беру бағдарламаларын әзірлеу үрдісіне қатысуына негізделген. Монографияның авторлары: Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Әлия Сүлейменова, Руслан Қаратабанов, Қайрат Құрақбаев, Дункан Пристли.

Тұсаукесер барысында қатысушылар монография авторларымен тікелей сөйлесе отырып, сұрақтар қоя алады, білім беру бағдарламаларының сапасын басқарудың негізгі аспектілері бойынша олардың пікірлерін тыңдай алады. Монографияның жарыққа шығуы ерекше оқиға, өйткені ол бұл тақырып бойынша Қазақстандағы бірінші басылым болып табылады және әсіресе жоғары білімнің бәсекеге қабілеттілігі және сапалы мамандар даярлау жағдайында өте маңызды.

Білім беру бағдарламаларын жасаушылар, университеттердің профессор-оқытушылар құрамы, білім саласындағы сарапшылар мен зерттеушілер, білім беру ұйымдарының басшылары және қызығушылық танытқандардың барлығы шақырылады.

Тұсаукесер ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде өтеді.

Тұсаукесердің zoom-сілтемесі:  https://nu-edu-kz.zoom.us/j/96418692059