Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Жаналықтар

артқа

Зерттеу нәтижелері

Бастауыш білім берудің жаңартылған мазмұны туралы зерттеу нәтижелері жергілікті педагогикалық қоғамдастыққа ұсынылды
Назарбаев Университеті Жоғару білім беру мектебінің ғылыми-академиялық ұжымы жыл сайын өтетін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуды жалғастыруда. Ағымдағы жылдың 26-27 қазанында өткен «Білім берудің жарқын болашағына арналған құндылықтар, әл-ауқаттылық және инновация» атты конференцияда баяндамалардың бірі жалпы білім беретін мектептерде жанартылған білім беру мазмұнын енгізу мәселелеріне арналған.
Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп, Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің зерттеушілері «Қазақстандағы орта білім беру жүйесі дамуының замануи үрдістерін зерттеу» халықаралық зерттеу жобасының алдын-ала нәтижелерін ұсынды. Зерттеуде мектеп мұғалімдерінің, мектеп директорларының және басқа да мүдделі тараптардың бастауыш білім берудің жаңартылған мазмұны, сондай-ақ Қазақстанның орта білім беретін мектептеріндегі бағалау практикасын енгізу туралы пікірлері мен көзқарасы зерттелді. Жобаның жалпы зерттеу стратегиясы:
Зерттеуді ұйымдастырудағы негізгі тәсіл жобаның жалпы тақырыптық бағыттылығын түрлі тақырпшаларға бөлу болып табылады. Бұл тақырыпшалар бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту процесінде мектеп мұғалімдері, мектеп директорлары және басқа да мүдделі тараптардың көзқарасы, түсінігі және жеке тәжірибесіне байланысты мәселелерді қамтиды. Зерттеу, көбінесе, келесі бес тақырыпшаға негізделді:


1. Бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту мақсаттары мен міндеттері;
2. Жаңа оқу бағдарламасының мазмұны;
3. Оқушылардың академиялық жетістіктерін бағалаудың жаңа тәсілдері;
4. Педагогика және оқыту;
5. Бастауыш білім беру мазмұнының жаңа аспектілерін ендірудің жалпы тәжірибесі.
Зерттеудің әдіснамалық негізі ретінде ғалым Линда Дарлинг Хаммонд (Darling Hammond, 2010) ұсынған тиімді оқыту жүйесінің төрт өзара әрекеттесетін компоненттерінің моделі ұсынылды. Бұл компоненттерге жақсы дамыған оқу жоспары, оқу-әдістемелік материалдар мен оқытудың шарттары, студенттердің оқу жетістіктерін бағалаудың тиімді әдістері және сапалы оқытылған оқытушылар кіреді. Сонымен қатар, сыни тұрғыдан зерттеу мәліметтерін ұйымдастыру және талдау үшін пайдалы болатын тетіктер ретінде, біз ғалым Оатстың (2010) екі концепциясын қолдандық, оны ол өзінің оқу бағдарламаларын әзірлеуді басқару және дамыту мәселелері жөніндегі халықаралық зерттеуінде пайдаланған. Бұл – «білім мазмұнын ұйымдастыруды бақылау» және «оқу бағдарламасының келістілігі». Осы концепциялар туралы зерттеуіміздің толық есебінде егжей-тегжей айтатын боламыз.
Зерттеуге ББЖММС апробациясы бойынша жұмыс істейтін 30 пилоттық жалпы білім беру мектептерінің ішінен 6 мектеп қатысты. Зерттеу Қазақстанның түрлі аймақтарында, ауыл және қала мектептерінің бірдей санын қамти отырып жүргізілді. 2016 жылғы сәуірдің аяғында 14 жеке сұхбат және 7 фокус-топтармен сұхбат жүргізіліп, оған 35 адам қатысты. 2016 жылғы сәуірдің аяғына қарай сауалнама жүргізіліп, нәтижесінде ашық және жабық сұрақтарды пайдалану арқылы сапалық және сандық мәліметтер алынды. Сауалнама бірінші сыныпта жұмыс істейтін 67 мұғалім және басқа сыныптардағы 253 мұғалім арасында таралды. Бұдан басқа, 2016 жылғы мамырдың басында дәл осындай сауалнама қалған 24 пилоттық мектептердегі бірінші сыныптың 275 мұғалім арасында жүргізілген болатын.
Сапалық мәліметтер көптеген мектеп мұғалімдері мен директорлары білім берудің жаңартылған мазмұнын мұғалімнің практикасы мен кәсіби ойлауының елеулі өзгеруі ретінде қарайтынын көрсетіп берді. Пилоттық бір мектептің директоры атап өткендей: «Бізде бұрында да өзгерістер болған, алайда, қазіргі болып жатқан нәрсе, бұл, енді парадигманың ауысуы».
Ынтымақтастық артқан, және бұны жеке мектептің деңгейінде де, мектептер арасында да көрініс табуда. Осы деректі мұғалімдер жоғары бағалады. Ынтымақтастық мұғалімдер арасында да, мұғалімдер мен оқушылар арасында да, сондай-ақ мектептер арасында да көптеген формада көрініс тапты. Мұғалімдер бірлескен жоспарлауға, бірлескен оқытуға, сабақтарға өзара қатысуға, өз әріптестері арасында тренинг өткізуге қатысты. Көп жағдайларда мұндай ынтымақтастық түрлері мұғалімдер үшін жаңалық болды.
Қалалық және ауылдық мектептер арасындағы айырмашылықты қарастырғанда, қалалық және ауылдық мұғалімдердің жаңа оқу бағдарламасының барлық компоненттеріне қатысты білім берудің жаңартылған мазмұны туралы көзқарасы ұқсас. Дегенмен, Қайрат Құрақбаев айтап өткендей, «қалалық және ауылдық мектептер контекстіндегі оқушылардың әлеуметтік шығу тегі мұғалімдер арасында білім берудің жаңартылған мазмұнына түрлі көзқарасын туғызды. Сандық мәліметтерде талдау барысында жаңа оқу бағдарламасының күрделілігін мұғалімдермен қабылдануында ауылдық және қалалық мектептер арасындағы статистикалық елеулі айырмашылық белгіленді. Қалалық әріптестерімен салыстырғанда, ауылдық ұстаздар оқушылардың көпшілігі үшін жаңа оқу бағдарламасының күрделілік деңгейі барынша көтеріңкі деп есептейді. Толығырақ айтқанда, ауылдық мұғалімдердің 54% салыстырғанда, қалалық мұғалімдердің 66% жаңа оқу бағдарламасының күрделілігі сәйкес деңгейде деген тұжырыммен келісетінін немесе «толық келісетінін» білдірді.
Қалалық және ауылдық мектептер арасындағы айырмашылық тұрғысынан алғанда, өздерінің білім берудің жаңартылған мазмұнының күрделілігіне көзқарасы туралы айтқанда, мұғалімдер мектепке дейінгі білім беру мен балаларды мектепке дайындау маңыздылығын атап көрсетті. Балалардың мектепке дейінгі білімге қолжетімділігінің әркелкілігі жеке сынып деңгейінде немесе, кей жағдайларда, мектеп ортасына енді бейімделіп келе жатқан оқушылардың бүтін бір тобы деңгейінде мәселелер туғызады.
Студенттердің оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа әдістерін қолдану тәжірибесі туралы айта келсек, жаңа оқу жоспары бойынша жұмыс істейтін мұғалімдер бағалаудың әртүрлі әдістерінің артықшылықтарын тереңірек түсінгенін атап өту керек. Лиз Уинтер, Кембридж Университеті Білім беру факультетінің зерттеушісі және осы халықаралық зерттеу жобасының мүшесі атап өткендей, «ашық түрдегі сұрақтар арқылы алынған зерттеу мәліметтерінің контент-талдамасы жаңа оқу бағдарламасымен жұмыс істейтін мұғалімдер, ескі оқу бағдарламаларымен жұмыс істейтін мұғалімдерге қарағанда, бағалау тәсілдері туралы анағұрлым статистикалық маңызды, көп вариантты жауаптар берді».
«Бақылау» ұғымы жаңа оқу бағдарламасымен әлі таныспаған мұғалімдермен бағалау мақсаты ретінде жиі айтылатын. Алты пилоттық мектептің бірінші сыныптарда жұмыс істемейтін мұғалімдер өз жауаптарында, бағалау мақсаттары туралы айтқанда, көп нәрсе ұсына алмайтын. Бұған керісінше, басқа сынып мұғалімдермен салыстырғанда, бірінші сынып мұғалімдері арасында жауаптардың екі категориясы анағұрлы елеулі түрде таралды. Бұл – әрбір жеке оқушымен оқыту мақсаттарына қол жеткізуді тексеруге арналған бағалау мен дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын бағалау
Ата-аналарды оқушылардың академиялық жетістіктерін бағалау нәтижелерімен таныстырудың жаңа әдістері ата-аналармен балалардың академиялық үлгерімін талқылау тұрғысынан белсенді өзара әрекеттесуге әкелді. Жаңа оқу бағдарламасын мақұлдаған мұғалімдердің айтарлықтай уақыты мен күш-жігері ата-аналарға есеп берудің жаңа формаларын түсіндіруге жұмсалды. Мұғалімдерге ата-аналарға балаларының күнделікті неге баға алмайтынын түсіндіру қиынға соқты. Мұғалімдердің көп уақытын алғанына қарамастан, бұл іс-шара мұғалімдердің ата-аналармен бірге топтарда да, жеке түрде де балаларды тәрбиелеу мәселелерін талқылауға мүмкіндік беретін механизмді қамтамасыз етті.
Осы зерттеудің толық нәтижелеріне қызығушылық танытқан оқырмандар жоба жетекшісі Қайрат Құрақбаевпен gse.research@nu.edu.kz электронды пошта немесе +7 (7172) 70 65 76 телефоны арқылы хабарласа алады.