Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Жаналықтар

артқа

Аида Сағынтаева: Қазақстан ЖОО-ларын басқару жүйесін перспективалық дамыту жөніндегі ұсыныстары

Бүгін Жоғары білім мектебінің деканы Аида Сағынтаева педагог кадрлардың жыл сайынғы тамыз конференциясы шеңберінде «Қазақстанда университеттік дербестікке өту: жоғары білім беру жүйесінің жаңа парадигмасы және құрылымы» атты секциялық отырыста баяндама жасады.

«Корпоративтік басқару: университеттердің дербестігін кеңейту жағдайындағы рөлі мен жауапкершілігі» атты баяндамасында ол Назарбаев Университетінің Жоғары білім мектебінен және Пенсильвания университетінің Жоғары білім мектебінен халықаралық ғалымдар тобы

жинаған деректер негізінде ұлттық университеттердегі қамқоршылық және байқау кеңестерінің қызметі туралы мәселені көтерді.

Зерттеушілер Қазақстанда университеттерді басқару жүйесін перспективалық дамыту бойынша ұсыныстарды әзірлеу үшін пайдаланылған деректердің едәуір көлемін жинай алғанын атап өткен жөн. Ұсыныстар «Корпоративтік басқару: Қазақстанның университеттері» ғылыми монографияда көрініс тапты (монографияны жүктеп алу), ол сондай-ақ есепте де келтірілді.