Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Зерттеу жаналықтары

артқа

Пән мен тілді кіріктіру (CLIL) әдісінің тұжырымдамасы: үш тілді контекстіден жиналған мәліметтер

Қостілді білім беру және қостілділік саласындағы халықаралық журналда (International Journal of Bilingual Education and Bilingualism) Жоғары білім беру мектебінің түлегі және постдокторанты Лаура Қарабасованың «Пән мен тілді кіріктіру (CLIL) әдісінің тұжырымдамасы: үш тілді контекстіден жиналған мәліметтер» атты мақаласы жарық көрді. Аталған журнал халықаралық мәртебеге ие, сараптамалық шолуға негізделген және импакт факторы (1.765) бар әрі қостілділік және көптілділік саласындағы беделді басылым болып табылады.

Физика немесе тарих секілді пәндерді өзге немесе шетел тілінде оқыту оқушылардың тілдік деңгейінің төмендігі және пән мазмұнының күрделілігіне байланысты белгілі бір қиыншылықтар алып келетіні белгілі. CLIL әдісі мұғалімдерге пәндік білімнің сапасын сақтай отырып, оқушыларға тілдік қолдау көрсетуге және дамытуға бағытталған жаңашыл әрі аса маңызды әдіс болып табылады. Осы мақалада еліміздегі үш тілде білім беру реформасының негізгі жүзеге асырушылары, мұғалімдердің CLIL әдістемесі жөніндегі тұжырымдары мен практикасы қарастырылады. Мақала қостілділік және көптілділік саласындағы мамандарға, магистранттар мен докторанттарға, мұғалімдерге, біліктілікті арттыру институттарына, басқарушылар мен білім беру бағдарламаларын әзірлеушілерге арналған.