Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Зерттеу жаналықтары

артқа

NUGSE ECER 2018 Білім беру саласындағы зерттеушілердің Еуропалық конференциясында

Больцаноның Еркін университетінде (UNIBZ) білім беру саласындағы зерттеушілердің әлемдегі ең беделді конференциясы өтті. European Conference on Educational Research (ECER) 2018 «Inclusion and Exclusion, Resources for Educational Research?» шеңберінде Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің зерттеушілері мен студенттері өздерінің, сонымен қатар Кембридж университетімен (Ұлыбритания) бірлесіп жүргізген зерттеулерінің нәтижелерін ұсынды.

Бұл конференция білім беру және білім беру саясаты саласындағы ең ірі ғылыми форум болып табылады. Конференцияның «Inclusion and Exclusion, Resources for Educational Research?» атты негізгі тақырыбының аясында 3000 зерттеушінің қатысуымен тақырыптардың кең ауқымы бойынша 90-нан астам сессия өткізілді. Олардың қатарында инклюзивтік білім беру, педагогика, көптілді білім беру, жоғары білім беру мәселелері, білім беру саласындағы басқару және тағы басқа тақырыптар.

ECER конференциясы, дәлірек айтқанда, биылғы жылы инклюзия және адалаудың әр түрлі аспектілері, құрылымдары мен процестері, және олардың білім беру мен білім беру саласындағы зерттеулер үшін маңыздылығын түсіну және «дұрыс түсінбеу» мәселелері аясында қамтылған. Бұл, мысалы, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға білім беру, білім беру диагностикасы және үлгерімді бағалау, білім беру мекемелері өмір жолы режимдері ретінде, барлыққа тең мүмкіндіктер, білім беруді басқару, білім алуға қол жеткізу, білім алу және үздіксіз білім алу, ақпарат немесе білім қоғамына қол жеткізу және оған қатысу және тағы басқа мәселелер. Сессияларда мектеп оқушылары мен ЖОО студенттерімен байланысты мәселелер ғана емес, сонымен қатар мұғалімдермен, педагогтармен, мектеп әкімшілерімен байланысты мәселелер талқыланды. Оның ішінде стандартты мектеп мекемелері мен ресми білім беру ұйымдарымен қатар бейресми білім беру, сондай-ақ білім беруге, жұмысқа және оқытуға қолжетімділігі жоқ адамдармен байланысты мәселелер қарастырылды. 
Жоғары білім беру мектебінің өкілдері мұндай ғылыми-практикалық іс-шараларға қатысу отандық зерттеулердің нәтижелерін тәуелсіз сыртқы бағалауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар кең ауқымды шетелдік аудиторияға зерттеу нәтижелерін ұсыну Қазақстанның әлемдік ғылыми қоғамдастықтағы танылуын арттырады және шетелдік зерттеушілерді бірге жұмыс істеуге тартуға мүмкіндік береді.