Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Зерттеу жаналықтары

артқа

NUGSE-да халықарылық публикациялардың таныстырылымы өтті

20 желтоқсанда Norrag арнайы басылымының орыс тілде нұсқасының шығаруды іске қосу іс-шарасы және «Корпоративтік басқару: Қазақстанның жоғары оқу орындары» атты ғылыми монографияның презентациясы өтті. Осы басылымдардың авторлары –халықаралық және қазақстандық зерттеушілер. Norrag арнайы басылымы білім беру саласындағы саясат бойынша аттас ғаламдық желіде шығарылады. Желінің негізгі қызметі білім алуға қол жетімділікті кеңейтуге және оның сапасын арттыруға бағытталғын. Енді басылым орыс тілінде де жарияланатын болады. Nazarbayev University Graduate School of Education орыс тіліндегі осы нұсқасын әзірледі. «Іске қосу» шарасының қатысушыларына NORRAG директорі, Колумбия университетінің және Халықаралық зерттеулер және даму институтінің профессоры Гита Штайнер- Хамзи онлайн режимде байланысқа шықты. Осы кездесуде «Корпоративтік басқару: Қазақстанның жоғары оқу орындары» монографиясының авторлары - Nazarbayev University Graduate School of Education деканы, доктор Аида Сағынтаева және ассистент профессор, доктор Дархан Біләлов кітаптарын таныстырды. Осы монографияның Қазақстандық авторлар құрамына профессорлар Мұрат Орынханов, Фатима Жақыпова, сонымен қатар Рената Әпергенова, Дина Гюнгёр және Дәурен Абай кіреді. Монографияны жазуға Пенсильвания университетінің Білім беру факультетінен әріптестер аға ғылыми қызметкер доктор Питер Экель және академиялық қызметтер бойынша ассоциативті декан, доктор Мэтью Хартли қатысқан.