Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Зерттеу жаналықтары

артқа

НУ ЖБМ 2018 ж. Білім беру саласындағы зерттеулер бойынша еуропалық конференцияға (ECER) қатысты

Больцано Еркін университетінде (UNIBZ) білім беру саласындағы зерттеулер бойынша ең беделді халықаралық конференциялардың бірі өтті. «Инклюзия және эксклюзия – білім беру саласындағы зерттеулерге арналған ресурстар ма?» атты Білім беру саласындағы зерттеулер бойынша еуропалық конференция (ECER) 2018 шеңберінде Назарбаев университеті Жоғары білім мектебінің зерттеушілері мен студенттері Кембридж университетімен (Ұлыбритания) ынтымақтастықта дайындаған өздерінің зерттеулерінің және зерттеу жобаларының нәтижелерін ұсынды.

Бұл конференция білім беру және білім беру саясаты саласында ірі халықаралық зерттеу форумдарының бірі болып табылады. 3000 астам зерттеуші «Инклюзия және эксклюзия – білім беру саласындағы зерттеулерге арналған ресурстар ма?» негізгі тақырыбы шеңберінде конференцияның 90 сессиясында өз презентацияларын ұсынды. Презентациялар инклюзивті білім беру, педагогика, көп тілде білім беру, жоғары білім беру, білім берудегі менеджмент және тағы басқа мәселелерге арналды.

ECER конференциясы инклюзия мен эксклюзияның әртүрлі аспектілерін, процестерін және құрылымдарын талқылауға, олардың білім мен зерттеулер үшін өзектілігін тануға арналған платформа болды. Бұл аспектілер ерекше қажеттіліктері бар адамдарға білім беру, білім беру диагностикасы, оқу үлгерімінің көрсеткіштерін өлшеу, тұрақты жұмыс орны ретінде білім беру ұйымдары, баршаға арналған тең мүмкіндіктер, білім беруді басқару, білімге және дайындыққа қолжетімділік, үздіксіз білім алу, білімге немесе қатысуға негізделген ақпараттық қоғамға қолжетімділік, медиа білім беру және т.б. мәселелерді қамтиды. Алайда, оқушылар мен студенттермен қатар, сонымен бірге мұғалімдер, педагогтар, мектеп басшылары, кәдімгі мектеп ұйымдары мен ресми білім беру ұйымдарымен қатар, «біліммен, жұмыспен қамтумен немесе оқытумен байланысты емес» бейресми білім беру туралы да сөз қозғалды.