Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Зерттеу жаналықтары

артқа

Кеңес үкіметінен кейінгі елдерде жоғары білім беру жүйелерінің 25 жыл түрленуі

Назарбаев университетінің Жоғары білім мектебі оқытушыларының «Кеңес үкіметінен кейінгі елдерде жоғары білім беру жүйелерінің 25 жыл түрленуі» атты жақында жарияланған кітабын жазуға қатысуы туралы жаңалықтармен бөлісуге қуанышты.

Көп күткен кітап авторларының ішінде қауымдастырылған профессор Али Айт Си Мхамед, профессор ассистенті Дилрабо Жонбекова және профессор ассистенті Рита Каса болды. Кітап мақсаты мен мазмұны бойынша бірегей, өйткені бұнда бұрынғы КСРО барлық 15 республикасындағы жоғары білімге талдау жасалды.

Авторлардың біреуі, д-р Айт Си Мхамед, жоба бойынша өзінің жұмыс тәжірибесін еске алып, «бұл ірі халықаралық салыстырмалы зерттеу жобасындағы өте құнды жұмыс тәжірибесі болды. Зерттеу кеңес үкіметінен кейінгі кеңістіктегі жоғары білім беру жүйелері туралы білімдегі үлкен кемшіліктердің орнын толтырады» деп атап өтті.

Бұл кітап бұрынғы кеңестік республикалардағы жоғары біліммен байланысты мәселелерді зерттейтін студенттер мен оқытушылар және білім беру саласындағы саясатты әзірлеушілер үшін пайдалы анықтамалық ресурс болады.

Кітап ашық қолжетімділікте берілген, оның көшірмесін келесі сілтеме арқылы алуға болады:

https://www.springer.com/gp/book/9783319529790