Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Вице-декан ассистенті (Менеджер)

Вице-декан ассистенті (Менеджер)

 1.

Лауазым атауы

Вице-декан ассистенті (Менеджер)

 2.

Негігзі міндеттері

–  Қызметтік міндеттері аясында Вице-декан тапсырмаларын сапалы және уақтылы түрде орындау.

 3.

Негігзі қызметтік міндеттері

-Вице-деканның жұмыс кестесін жоспарлау, әзірлеу және жүргізу;

-Вице-декан тапсырмаларын орындау (құжаттарға қол қойғызу, Вице-декан кездесулері мен іс-сапарларын ұйымдастыру);

-Вице-деканға академиялық, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеулік және сабақтан тыс жұмысты жоспарлауға және жүргізуге қолдау көрсету;

– Вице-деканның GSE профессорлық-оқытушылар құрамымен  және Назарбаев Университеті құрылымдық бөлімдерімен кәсіби байланыс орнатуды үйлестіру;

-Вице-деканға магистрлік және докторлық бағдарламалар бойынша пәндердің кестесін құруға, профессорлық-оқытушылар құрамының жүктемесін бөлуге қолдау көрсету;

-Студенттерді магистрлік және докторлық бағдарламаларға қабылдауға көмектесу;

-Академиялық қызмет бойынша департаментпен бірге қызмет жасау;

-Студенттерді Регистратор кеңсесі (РК) жүйесіне тіркеу, жаңа пәндерді әкімшілік жағынан қолдау және РК жүйесінде пәндерді өзгерту нысандарын толтыру;

– Вице-деканның басқаруымен оқу процесінде пайда болатын тапсырмаларды орындау; кестеге бақылау жүргізу.

 4.

Білімі

– Жоғары кәсіби, ағылшын тілінде оқытылған жоғары оқу орындарында білім алғаны құпталынады;

Академиялық дәреже бойынша ең төменгі талап: магисмтр дәрежесі, бакалавриат немесе маман.

 5.

Талап етілетін кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы, түрі және т.б.)

-Аталған мамандық бойынша нақты қызметтің функционалды бағыттарына сәйкес магистр дәрежесі үшін салалардағы жұмыс өтілі- кем дегенде 1 жыл, бакалавр немесе маман дәрежесі үшін аталған мамандық бойынша нақты қызметтің функционалды бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс өтілі халықаралық және/немесе ұлттық компанияларда 3 жылдан кем емес немесе «Назарбаев Университеті» құрамында еңбек өтілі 2 жылдан кем емес.

-Түрлі мәдени ортада жұмыс тәжірибесі құпталады.

 6.

Кәсіби құзыреті

-Талдау дағдылары, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде басқарудың түрлі деңгейлерінде жұмыс істейтін адамдармен қарым-қатынас орната білу дағдылары;

-Қысқа мерзім ішінде тиімді жұмыс істей білу;

– Іс-қағаз және құжаттарды басқару саласы заңнамасын білу;

– Ұйымдастырушылық дағдылар;

– Тәртіптілік;

– Жеке және топта жұмыс істей білу;

–  Түрлі мәдениеттер өкілдерімен жұмыс істей білу. 

 7.

Жеке құзыреті және қасиеттері

Тіл табыса алушылық, бастамашылық, жауапкершілік, жасампаздық.

 8.

Тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі (меңгерген тілдерді көрсетіңіз)

Қазақ, орыс және ағылшын (advanced)  тілдерінде жоғары деңгейде ауызша және жазбаша дағдылары.

 9.

Компьютерлік дағдылар

Жоғары деңгейде ЖК-мен жұмыс істеу білу дағдылары (OS Microsoft Windows, Microsoft Office, Excel, т.б.)

 10.

Түйіндемені беру мерзімі

Лайықты үміткерді таңдап алғанға дейін. Түйіндіні осында жібіріңіз https://smrtr.io/3sy6Z