Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Студенттер&Түлектер

Нұрлан Жаныбек

Нұрлан Жаныбек


Нұрлан Жаныбек

Бағдарлама: Білім берудегі көшбасшылық саласындағы магистратура, «Инклюзивті білім беру» мамандығы

Оқуға түскен жылы – оқуды аяқтаған жылы: 2013-2014

Зерттеу саласы/қызығушылық саласы: мұғалімнің АКТ дағдылары және кәсіби дамуы

Ағымдық жұмыс орны: «Майкрософт Қазақстан» ЖШС
ТМД бойынша білім беру секторымен жұмыс жөніндегі басшы

Сіз НУ ЖБМ аяқтағаннан беру біраз уақыт өтті. Өткенге қарап, Сіздің ойыңызша, НУ ЖБМ-ндегі оқуға ең қызық не болды?

Мен НУ-дағы оқуда бірнеше маңызды сәтті атап өтер едім. Солардың біреуі – бұл мықты адамдармен – оқытушылармен таныстық. Мен олардан көп нәрсеге үйрендім, атап айтқанда, ғылыми жұмыстарды халықаралық жазу стандарттарын ескере отырып, зерттеуді қалай дұрыс өткізу керек. Олармен танысу маған сұрақтар қоюға және ғылыми әлемнің құрылымын және зерттеуші болу деген не екенін білуге мүмкіндік берді. Әрине, сіз өз бетіңізше дамуыңыз керек, бірақ сіз «бастапқы» дағдыларды алатыныңыз сөзсіз. АҚШ, Испания, Греция, Қазақстан және басқа елдерден оқытушылармен өзара әрекеттесу білім берудегі өзекті тақырыптар бойынша халықаралық көзқарастарды жақсы түсінуге мүмкіндік берді және объективті зерттеулерді қалай жүргізу және жағдайға әртүрлі тұрғыдан қарау керек екенінде нақтылықты қамтамасыз етті. Және соңғысы, бірақ маңыздысы – бұл менің курстастарым. Біз 50 адам болдық, бәріміз ЖБМ алғашқы түлектері болу сын-қатерін қабылдадық. Бұл қолымыздан келгеніміздің бәрін жасауға және қоғамға өз үлестерімізді қосуға итермеледі. Қазір біз байланысты үзбей, мүмкіндігімізше бір-бірімізге көмектесіп отырамыз.

Сізге НУ ЖБМ не берді? Жұмысберушілер/серіктестер қандай қасиеттерді бәрінен жоғары бағалайды?

Мен ғылыми жұмыстарды жазуға үйрендім, зерттеулердің деректер қорын пайдалана отырып, ғылыми мақаланы қалай іздеу керек екенін білдім және маған бағдарламаны сәтті аяқтауға мүмкіндік берген тағы басқа дағдыларды алдым. Жұмыс туралы айтатын болсақ. Бұл сіз қайда барып жұмыс істейтіңізге байланысты. Егер бұл зерттеу ұйымы болса, мен НУ ЖБМ – бұл дағдыларды алу үшін үздік орын екені анық. Бұл сондай жұмысты алудың кілті. Мен менің көптеген курстастарым – жекеменшік компаниялары бар бизнесмендер екенін білемін. Мен бұл оларға магистратурадағы оқу барысында алған дағдыларды пайдаланып, сондай-ақ үздік сапалы қызметтерді де ұсынуға көмектеседі деп ойлаймын. Өзім және халықаралық компаниядағы жұмысым туралы айтатын болсам, мен жұмысберушілер тәжірибе мен дағдыларды іздейді деп айтатын едім. Негізінен, бұл сіз қандай салада жұмыс істейтіңізге байланысты болады. Менің жағдайымда бұл ақпараттық технологиялар және білім беру саласы болды. Алайда, қазір басым жұмысберушілер, салаға қарамастан, армандаған жұмысты алуға сіздің мүмкіндіктеріңізді арттыратын келесі дағдылард едім. Ең бастысы, командада жұмыс істеу қабілеті, яғни өзара әрекетесу/қарым-қатынас жасау дағдылары. Біз жеке жұмыстан бас тартып, жобалық жұмысқа анағұрлым көп назар аударамыз, бұнда команда анағұрлым маңызды компонент болып табылады. Екіншіден, ақпаратты талдау және оны максималды пайдалану. Дәл қазір, әрбір нарықта, жұмысберушілер/компаниялар бәсекелестікке тап болады. Осыған байланысты талдау саласындағы білікті мамандар компанияның жетістікке жету жолында маңызды рөл атқарады. Қорытындылай келе, мен былай айтар едім, жұмыс істеу барысында үйрену керек. Иә, сіз университетті аяқтадыңыз, қажетті дәрежені алдыңыз. Бірақ егер сіз үйренбесеңіз, сіз жаңа белестерге қол жеткізе алмайсыз. Бұнда мен оқу дағдыларын дамыту керек деп айтар едім, мысалы, 3,6,12 айға дербес даму жоспарын құру және оны ұстануға кеңес беретін едім. Нәтижесінде, сіздің еңбегіңіз ақталады. Қайдан оқуға болады? Мысал ретінде Хан Академиясы, OpenEdX, Coursera платформаларында қолжетімді тегін курстарды қараңыз.

ЖБМ әлеуетті талапкерлеріне кеңес

№1. Оқуға түспес бұрын өз зерттеуіңіздің тақырыбын алдын ала біліңіз. Бұл көп уақытты үнемдейді, жақсы дайындықты қамтамасыз ету үшін диссертациямен жұмыс істей бастауға көмектеседі.

№2. Жылдам оқу дағдыларын меңгеріп алыңыз. Сізге көп кітаптар, жұмыстар, мақалалар оқуға және оларды пайдалануға тура келеді. Егер сіз көп оқысаңыз, сіздің студент ретіндегі өміріңіз анағұрлым жеңіл болады.

№3. Курстастарыңыздан үйреніңіз және көмек сұраңыз. Мүмкін сізді мектепте/университетте ғылыми зерттеулерді қалай өткізу керек екенін үйретпеген шығар. Мені де. Сондықтан толық шолуға ие болу үшін оқу барысында өз тобыңыздан және НУ басқа мектептерінен курстастарыңыздың максималды ықтимал санымен өзара әрекеттесіңіз, бұл сізге ең үздік зерттеуші болуға көмектеседі.