Студенттер&Түлектер
- Басты
- Студенттер&Түлектер
- Студентер NUGSE туралы
- Станислав Ханин
Станислав Ханин
Станислав Ханин

Станислав Ханин
Бағдарлама: ЖБМ докторантурасы
Оқуға түскен жылы: 2016
Зерттеу саласы/ қызығушылық саласы: Сыни тұрғыдан ойлау және цифрлік технологиялар
Бұған дейін алған дәрежесі: Саясаттану бакалавры, «Коммуникациялар» мамандығы
НУ ЖБМ-не түсуді ойлайтын студенттерге қандай кеңес бересіз?
Әрине осында түскен дұрыс. Бұл – Қазақстандағы үздік білім мектебі. Менің бірнеше университетте алған оқу тәжірибем негізінде (Мәскеу ЖЭМ, облыстық қазақстандық университет және Кембридж университетіндегі ұзақ емес оқу) мен ЖБМ – өсу орны, бұнда сіздің алдыңызда күрделі мәселелер тұрады және осында сізге барлық оқу мерзімінде үнемі қолдау көрсетіліп отырады деп сенімді айта аламын. Бірақ сіз оңай болмайтынын білгеніңіз жөн – көп оқып, көп жазу керек болады, өте көп. Сондықтан ғылыми мақалаларды оқуға және жазбаша жұмысты жазуға сіздің ағылшын тілін меңгеру деңгейіңіз жеткілікті екеніне көзіңізді жеткізіңіз. ЖБМ-нде оқу сондай-ақ сабаққа міндетті баруды да, содан кейін ерең еңбекті де қарастырады, сондықтан отбасымен өткізуге болатын уақытты оқуға жұмсауға және жұмыстан шығуға дайын болыңыз. НУ ЖБМ – бұл егер сіз кәсіби тұрғыдан дамығыңыз келсе, мектепті аяқтағаннан кейін жақсы лауазымды тапқыңыз келсе, онда бұл дәл сіз баратын оқу орны.
Талапкерлерге түсу процесі бойынша қандай кеңес берер едіңіз?
НУ ЖБМ-не түсу кезінде екі негізгі аспектке назар аударыңыз: ынталандырушы хат (+ диссертация жоспары) және сұхбат. Егер сіз магистр дәрежесін алуға өтініш берсеңіз, онда сізде сапалы ынталандырушы хаттың барына көз жеткізіңіз. Бұл онда артық сөз болмау керек екенін білдіреді, ол сіз неліктен түскіңіз келеді, неліктен сіз осы орынға лайықтысыз, егер сізді қабылдаса, онда сіз алдыңызға қойған мақсаттарға қалай қол жеткізесіз деген сұрақтарға нақты жауап беру керек. Өзіңіздің ынталандырушы хатыңызды бірнеше рет тексеріңіз, клише және көптірме сөздерден аулақ болыңыз – қабылдау комиссиясы 90% ұқсас жұмыстарды оқитынына сенімдімін, ал бұл сіздің өтінішіңізге балдар қоспайды. Сіздің жағдайыңыз бірегей екеніне көз жеткізіңіз, өзіңіздің мықты тұстарыңызды және ерекше қасиеттеріңізді көрсетіңіз, өзіңіз туралы қызықсыз факілерді жай ғана атап қоймай, жетістікке жету оқиғаңызды айтып беріңіз. Диссертация жоспары анағұрлым күрделі міндет болып табылады – ол сіз зерттеу тәсілдерімен жұмыс істей алатыныңызды, ұсынатын зеттеудің саласымен таныс екеніңізді нақты көрсету керек. Сіздің жоспарыңызға – тәсілдеріне, стиліне, зерттеуді ұйымдастыруға және т.б. сыни тұрғыдан баға бере алатын оқытушымен ынтымақтастық жасау жақсы кеңес болып табылады. Қосымша кеңес: НУ ЖБМ қазіргі кездегі студенттерімен қарым-қатынас жасаңыз – осылайша сіз өтініш беру процесі туралы анағұрлым көп біле аласыз және кері байланысты аласыз. Ақыр соңында, сұхбат – бұл неліктен сіз бұнда келдіңіз, егер сізді қабылдаса, онда сіз не істей бастайтыңыз бойынша өзіңіздің сенімділігіңізді көрсететін уақыт, осы кезде күмәндануға болмайды және жалпы жауап беруге болмайды. Бұнда өзіңіздің білім беру саласындағы тәжірибеңізді көрсету керек және сіздің ынталандырушы хатыңызға сүйеніп, сұрақтарға жауап беруге дайын болу керек. Кейде қойылатын сұрақтар қиын болуы мүмкін және сіз оларға жауаптарды білмеуіңіз мүмкін. Менің жеке кеңесім – бірнәрсені байыппен айтып, сұрақты нақтылауды сұраңыз, тақырыпты ауыстырмаңыз және ойға келгенді айта салмаңыз. Қорытындылай келе, қорықпаңыз, емтихан алушылар сізді «құлату» үшін емес, сізге өзіңіз туралы анағұрлым көп айтып беруге көмектесу үшін, сізді бағыттау үшін керек (қорғаныш позицияны алмаңыз!).
Сіздің НУ ЖБМ-ндегі тәжірибеңізді бір-екі сөзбен қалай сипаттар едіңіз?
Қиын, бірақ тиімді.

