Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Студенттер&Түлектер

Серик Иватов


Серик Иватов

Бағдарлама: Білім беру саласындағы докторантура

Оқуға түскен жылы: 2017

НУ ЖБМ-нде неден әсер алдыңыз?

НУ ЖБМ Қазақстанның әлеуметтік және білімін дамытуға үлкен үлес қосып жатыр. Мектеп балабақшалардан бастап, Білім және ғылым министрлігіне дейін кезең-кезеңімен барлық оқу орындарымен ынтымақтастық жасайды. НУ ЖБМ қазақстандық оқу орындарына кеңестер беріп, өзінің кәсіби білімімен және тәжірибесімен бөліседі. Бұл ынтымақтастықты ескере отырып, біздің профессорларымыз біздің білім беру жүйеміз және мәдениетіміз туралы білімдерін кеңейтіп жатыр. Бұл оларға біз сабақта білетінімізді қазақстандық білім беру ортасында қолда бар жағдаймен келісуге, теориялық және тәжірибелік білімнің арасындағы тығыз байланысты орнатуға мүмкіндік береді.

НУ ЖБМ-дегі курстастарыңызды қалай сипаттар едіңіз?

Менің курстастарым, менің тобымда әртүрлі тәжірибемен және біліммен адамдардың бар екені ұнайды. Бұл бізге оқу үшін кәсіби қоғамдастықты құруға мүмкіндік береді, бұнда біз бір-бірімізден үйренеміз. Оқу барысында бізде бірнеше топтық жоба болды, бұнда біз бір-бірімізбен жұмыс істедік. Біз мақсаттарымызға қол жеткізу үшін әртүрлі адамдармен ынтымақтастық жасасуға үйрендік. Сонымен қатар, топта жұмыс істеу бізге біздің мықты тұстарымызды пайдалануға және дамытуға, сондай-ақ жаңа дағдыларды алуға мүмкіндік берді.

Оқытушылар Сізде қандай әсер қалдырды?

Біздің оқытушыларымыз біз не ойлауымыз керек екенімізді айтпай, біз қалай ойлауымыз мүмкін екеніне қатысты бізге бағыт беріп отыру фактісі маған жақсы әсер қалдырды. «Нені ойлау» дегеніміз олар студенттердің теория мен дәлелдерді жаттағанын қаламайды, өйткені олар бізге білім салатын сыйымдылық ретінде қарамайды. Керісінше, біздің оқытушыларымыз біз ойлана алатын ықтимал бағыттарды ұсынып, білім алушылардың қабілеттерін дамытуға анағұрлым мүдделі. Бұл жағдайда, студенттер өздерінің жеке ойлау тәсілін табады. Осылайша, НУ ЖБМ оқытушылары бізге әлемді баршаға пайдалы болатын тәсілмен зерттеуге мүмкіндік береді.




Сіз НУ ЖБМ-ндегі тәжірибеңізді бір-екі сөзбен қалай сипаттар едіңіз?

Еңбек етсең – емерсің.