Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Студенттер&Түлектер

Нұрхан Омарбеков


Нұрхан Омарбеков

Бағдарлама: Білім берудегі көшбасшылық саласындағы магистратура: жоғары білім беру

Оқуға түскен жылы: 2016

Зерттеу саласы/ қызығушылық саласы: Салыстырмалы және халықаралық білім беру, жаһандану

Бұған дейін алған дәрежесі: Бакалавр

Ағымдық жұмыс орны: Жұмыспен қамтылды

НУ ЖБМ-нде неден әсер алдыңыз?

Осы екі жылда әрбір меңгерген пәннен кейін сыни тұрғыдан ойлау қабілетім, тәуекелдерді басқару қабілетім, кемшіліктерді талдау және жаңа жолдар табу қабілетім және цифрлік сауаттылығым дамып және жетіліп отырды. Қазіргі уақытта еңбек нарығында менің түйіндемемнің құны бірнеше есе артқаны сөзсіз. Атап айтқанда, жұмысберушілер үшін қазір зерттеушілік дағдылар өте маңызды, бірақ жергілікті студенттерде олар жеткіліксіз.

НУ ЖБМ-не түсуді ойлайтын студенттерге қандай кеңес бересіз? Талапкерлерге түсу процесі бойынша қандай кеңестеріңіз бар?

Құрметті болашақ студенттер, өтініш берер алдында өзіңіздің болашақ мансабыңыз туралы бірнеше рет ойланыңыз. ЖБМ-ндегі оқудың сіздің болашақ жоспарларыңызбен қандай байланысы бар екені туралы ойланыңыз. «Жай ғана оқуға түсу үшін» немесе «жай ғана магистр дәрежесін алу үшін» өтініш бермеңіз. Жалпы алғанда, ЖБМ – зерттеу дағдыларын жетілдіру, ниеттес адамдармен қарым-қатынас жасау үшін жақсы орын.

 

 Сіздің пікіріңізше, НУ ЖБМ несімен ерекше?

Білім берудегі көшбасшылық саласындағы магистратура бағдарламасы командада жұмыс істеуге үйретеді, өйткені барлық сабақтар топтық презентациялардан және топтық жазбаша жұмыстардан құралады, бұнда жетістікке жету үшін қатысушылардың арасындағы қарым-қатынас шешуші мәнге ие болады. Сонымен қатар, НУ ЖБМ бізді позитивті де, негативті де сыни тұрғыдан ойлауға үйретеді.

 

Сіз тағы немен бөліскіңіз келеді?

Шынымды айтсам, ЖБМ-не дейін ғылыми менің жұмыс жазу дағдыларым нашар болатын. Бірінші курста мен сын-қатерге тап болдым. Қорытынды жұмыстарда мықты идеялар болса да, егер сіздің жұмысыңыз тым жалпы сипатқа ие болса, сіз төмен баға аласыз. Өйткені бағалау критерийлері барлық студенттер үшін ортақ, менің қорытынды бағама көңілім толмады. Бірақ абыржудың орнына мен жазу дағдыларымды жетілдіре бастадым.