Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Студенттер&Түлектер

Камилла Роллан


Камилла Роллан

Бағдарлама: Білім берудегі көшбасшылық саласындағы магистратура, «Инклюзивті білім беру» мамандығы

Оқуға түскен жылы: 2016

Зерттеу саласы/ қызығушылық саласы: Инклюзивті білім беру, білім беру саясаты, білім берудегі технологиялар, азшылықтар мәселелері

Бұған дейін алған дәрежесі: Саясаттану бакалавры, «Коммуникациялар» мамандығы

Ағымдық жұмыс орны: «Баршаға арналған білім» қоғамдық қауымдастығының төрайымы, «Әлеуметтік сенім қоры» қоғамдық қорының кеңесшісі
Күндізгі оқу нысанымен екі жылдық бағдарлама көптілді білім берудің теориясын, саясатын және тәжірибесін қамтиды және Қазақстанда іске асырылатын үш тілде білім беру стратегиясымен тығыз байланысты.

Сіздің пікіріңізше, НУ ЖБМ несімен ерекше?

НУ ЖБМ – қонақжай және ашық жарқын қоғам, бұнда әрбір студент дамып, тәжірибелі халықаралық персонал, қолжетімді басшылық және кітапханадағы үлкен ресурстық қор қолдауымен алдына қойған мақсаттарға қол жеткізе алады. Менің бұндағы тәжірибем нәтижелі әрі ұнамды болды. ЖБМ білім беру саласындағы негізгі мүдделі тараптармен кәсіби байланыстарды құру үшін жақсы жер екенін мен ерекше бағалаймын. Білім министрлігі, Ақпаратттық-талдау орталығы, БҰҰДБ және ЮНИСЕФ сияқты халықаралық ұйымдар, жергілікті ҮЕҰ өкілдері мен халықаралық университеттерден танымал болған ғалымдарды НУ ЖБМ-не баяндамашылар ретінде жиі шақырады. Осылайша, бұл қарым-қатынас жасауға арналған бірегей платформа болып табылады.

НУ ЖБМ студенті ретінде қандай хоббиіңіз бар (Сіз оқудан басқа қатысатын іс-шаралар)?

Оқу негізгі басымдық болса да, университеттегі оқуды одан да есте қаларлық ету үшін қатысуға болатын көптеген сыныптан тыс іс-шаралар бар. Оқу барысында мен ерекше қажеттіліктері бар балаларға білім алу үшін мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған әлеуметтік жобалар әзірледім. Бұл маған білім саласын едәуір кеңейтуге, сондай-ақ қоғамға нақты үлес қосуға мүмкіндік берді. Оқу және кәсіби қызметпен қатар, маған йога сабақтарына бару, пианино ойнау ұнайды, өйткені спорт пен өнер – әрдайым жақсы идея.

НУ ЖБМ-не түсуді ойлайтын студенттерге қандай кеңес бересіз?

Сіз тандаған бағдарламаның студенттерімен және оқытушыларымен өзіңіздің үміттеріңізді талқылау үшін олармен кездескен маңызды. Егер сіз бұл бағдарлама сізге керек деп шешсеңіз, оқуға және зерттеулерге 2 жылды арнауға дайын болсаңыз, ынталандырушы хатта өз тандауыңызды лайықты негіздегеніңізге көз жеткізіңіз. Эссе жазуда тәжірибесі бар тұлға сіздің хатыңызды бір қарап өтсін. Сіз бағдарламаға түскен сәттен бастап уақытты босқа кетірмеңіз. Екі жыл тез өтеді, сондықтан өз уақытыңызды теңгерімді пайдаланыңыз, ғылыми жетекшімен үнемі араласып отырыңыз және байланыстарды орнатыңыз.